Консерватория жаңалықтары
«Аққулы мекен» атты ән-жыр кеші өтті
Бүгін дәстүрлі өнердің қарашаңырағында «Халық музыкасы» факультетіне қарасты «Халық әні» кафедрасы «Аққулы мекен» атты батыс аймағының ән, жыр кеші өткізді. Мерекелік шара А.Жұбанов атындағы кіші залда өтті. Концерт барысында Батыс аймақтың сирек орындалатын әндері шырқалып, термелері орындалды.
26 сәуір 2022
«Музыка теориясы» бойынша Кіші Олимпиада өз мәресіне жетті
21-22 сәуір күндері өнер-білім ордасында «Музыка теориясы» білім бағдарламасы бойынша Кіші Олимпиада мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.
25 сәуір 2022
Студенттеріміз теңбіл доп тартысынан жеңіспен оралды

Жуырда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қоры ұйымдастырған «Әкім Кубогы» футбол ойындарына қатысты.
25 сәуір 2022
Консерватория түлектері «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесті

Жақында магистратура, докторантура білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын бітірушілерге арнап ZOOM платформасында онлайн форматта «Қаржы орталығы» АҚ-ның жетекші менеджері Ибраева Жанар Саметқызының қатысуымен конференция өткізілді. Конференция барысында түлектерге мемлекеттік білім беру грантын өтеу туралы толық ақпарат берілді, сондай-ақ, білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарға маман тарапынан тұщымды жауап ала алды.
Жалпы «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесу өтетіні туралы ақпарат өнер-білім ордасының ресми сайтында алдын ала жарияланған болатын.
25 сәуір 2022
«Халық әні» аталымы бойынша жеңімпаздар анықталды
21 сәуірде дәстүрлі өнердің қарашаңырағында жоғары оқу орындарының студенттері арасында дәстүрлі музыкалық өнер бағыты «Халық әні» аталымы бойынша XIV Республикалық пәндік студенттік олимпиадасы өз мәресіне жетті.
22 сәуір 2022
Консерваторияның үлкен концерттік залында марапаттау рәсімі өтті

19 сәуірде өнер-білім ордасының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерттік залында түрлі мамандықтардың студенттерін, халықаралық байқаулардың қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді:
20 сәуір 2022
М.Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Әлем таныған Әуезов» атты кураторлық сағат өтті

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы кіші залында «Дебют» студенттік театрының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің ұлы классигі, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Әлем таныған Әуезов» атты кураторлық сағат өткізілді.
20 сәуір 2022
«Домбыра» кафедрасының ұстазын ғылыми атақ алуымен құттықтаймыз!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Домбыра» кафедрасының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Бақытұлы Басықараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Ғылыми атақ беру туралы» бұйрығы бойынша «Қауымдастырылған профессор» (доцент) ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтаймыз!
19 сәуір 2022
Ғалым-ұстаз Кәрима Сүндетқызы мерейлі 70 жасқа келді!
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Домбыра» кафедрасының профессоры, ғалым, ұстаз Сахарбаева Кәрима Сүндетқызы мерейлі 70 жасқа толып отыр.
Мерейтой «Домбыра» кафедрасының номинациялары бойынша кіші олимпиаданың ашылу салтанатымен тұспа-тұс келді. Салтанат үстінде өнер-білім ордасының ректоры Арман Жүдебаев дәстүрлі өнер қарашаңырағында 40 жылдан аса уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан ғалым-ұстаз Кәрима Сахарбаеваны мерейтойымен құттықтап, шапан жапты.
Мерейтой «Домбыра» кафедрасының номинациялары бойынша кіші олимпиаданың ашылу салтанатымен тұспа-тұс келді. Салтанат үстінде өнер-білім ордасының ректоры Арман Жүдебаев дәстүрлі өнер қарашаңырағында 40 жылдан аса уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан ғалым-ұстаз Кәрима Сахарбаеваны мерейтойымен құттықтап, шапан жапты.
18 сәуір 2022
Қабылдау 2025