Консерватория жаңалықтары
Ғалия Молдакаримованың жаңа оқу құралы жарық көрді

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы Ғалия Молдакаримованың «Ғалия Молдакаримова ойнайды (орындайды)» атты жаңа оқу құралы жарық көрді.
5 сәуір 2021
Министр музыкатанушы ғалым Ю.П.Аравинді мерейлі 80 жасымен құттықтады!

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев мерейлі 80 жасқа толып отырған ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыкатанушы, ардагер ұстаз Юрий Петрович Аравинді халқымыздың игі дәстүрі бойынша иығына шапан жауып құттықтап, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Құттықтау хатын табыстады. Юрий Петровичтің отбасы арнайы құттықтай келген сыйлы қонақтардың ерекше ықыластарына риза болып, алғыстарын білдірді.
2 сәуір 2021
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы

Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы жағдайында кәсіпкерлік субъектілері жұмысының оңтайлы режимін, сондай-ақ халықты COVID-19-ға қарсы жаппай иммунауды жүргізуге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 27.03.2021 жылғы № 12 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді
29 наурыз 2021
ҚҰРМЕТТІ "ДИРИЖЕРЛЕУ" МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ!

Эразмус+ халықаралық бағдарламасы мен Краков музыкалық академиясының (Польша, Краков қ.) келісімі аясында "Дирижерлеу" мамандығы бойынша 2021-2022 оқу жылына бір семестр мерзімінде студенттерді қабылдау жарияланады.
29 наурыз 2021
Онлайн байқау жеңімпаздары анықталды

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Осы орайда, халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша дәріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз керек. Мысалы, Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады», - деген еді. Осы орайда елімізде Ұлыстың ұлы күнін тойлауға аса жоғары мән беріліп, мейрамның халық арасындағы мәртебесін арттыруға жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.
27 наурыз 2021
«Мен Наурыз мейрамын қалай тойлар едім?» онлайн конкурсы

2021 жылдың 27 наурызында «Арт-менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен аталмыш мамандық студенттері арасында «Мен Наурыз мейрамын қалай тойлар едім?» онлайн конкурсы өтпек. Жобаны ұсынушы – кафедра доценті Раушан Малаева. Байқау Zoom платформасы арқылы өтеді.
Шара мақсаты:
- Наурыз мейрамының халық арасындағы мәртебесін көтеру үшін оны жаңаша тойлаудың форматтарын қарастыру;
- «Арт-менеджмент» мамандығы студенттерінің ізденістерін арттыру;
- Ұлттық мәдениетімізді заман талабына сай насихаттаудың үлгілерін дамыту;
Қазылар алқасының төрағасы «Арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты Сағатбек Қалиев.

26 наурыз 2021
АРДАГЕР ҰСТАЗ БАЛЫМ ҚОЖАМҚҰЛОВА ӨМІРДЕН ОЗДЫ

Ұстаз, ғалым, тамаша қасиеттерді бойына сіңірген таңғажайып тұлға Балым Серәліқызы Қожамқұлова өмірден озды. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі, сондай-ақ Ы.Алтынсарин және «Мәдениет саласындағы үздігі» медалінің иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Ішекті аспаптар» кафедрасының (ЖАК) профессоры.
26 наурыз 2021
Қазақтың Қаршығасы тірі болғанда 75 жасқа толар еді...

Бүгін – Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дәулескер күйші, талантты композитор Қаршыға Ахмедияровтың туған күні. 65 жасқа қараған шағында дүние салған күйшінің көзі тірі болғанда биыл 75 жасқа толар еді.
Қаршыға Ахмедиярұлы 1946 жылғы 25 наурызда қазіргі Атырау облысы, Ма¬хамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келді. 1972 жылы Алматы мемлекеттік кон¬серваториясының «Халық аспаптар» факультетін тәмамдаған. 1986-1988 жылдары Мәскеу қаласында Жоғары дирижерлік курста оқыған. 1967-1994 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық оркестрінде домбырашы, кейін¬нен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметін атқарған әрі көркемдік кеңестің мүшесі болған. 1974 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық қызмет атқарған. 1994 жылдан профессор, 1996 жылдан «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет істеген.

25 наурыз 2021
Консерваториямыздың 1 курс докторанты Имае Әсел Назымбекқызы Creative Sparks халықаралық жобасына қатысып жатыр

Арт-менеджмент мамандығының 1 курс докторанты Имае Әсел Назымбекқызы Creative Sparks халықаралық жобасына қатысып жатыр. Халықаралық топтың құрамына Ұлыбритания, Қазақстан, Украина және Польша өкілдері кіреді. Creative Sparks – бұл Британдық Кеңестің Ұлыбританияның университеттері мен білім беру мекемелері және креативті экономиканы дамыту мақсатында креативті кәсіпкерлік дағдыларын дамыту саласындағы жобаға қатысушы елдер арасындағы халықаралық әріптестікті дамыту жөніндегі бес жылдық бағдарлама. Жобаға Орта Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Оңтүстік Кавказ (Азейрбайджан, Армения, Грузия) және Украина елдері қатысып жатыр.
Осы кезеңде "COVID-19 пандемиясының музыка индустриясына әсері" сауалнамасы жасалды. Зерттеу Британдық кеңестің қолдауымен Creative Spark Higher Education Enterprise Programme зерттеу жобасы аясында Хенли Бизнес мектебі, Ұлыбритания Рединг университеті және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен бірлесіп жүргізіліп жатыр.
Осы зерттеудің мақсаты Қазақстандағы музыка индустриясына COVID-19 пандемиясының әлеуметтік және экономикалық әсерін зерттеу болып табылады. Жобаның мақсатты аудиториясы - музыканттар, суретшілер, фрилансерлер, композиторлар, әншілер және осы салаға қатысы бар басқа да тұлғалар. Осы деректерді жинау арқылы біз COVID-19 пандемиясының ықтимал салдары туралы білімді кеңейте аламыз, сонымен қатар егер мүмкін болса, бүкіл ел үшін әсер ету саясатын қадағалай аламыз.

18 наурыз 2021
Қабылдау 2025