Консерватория жаңалықтары
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні құтты болсын!

Құрметті достар, әріптестер! Сіздерді 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.
Сондықтан отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор алғыс айтамыз.
Айтулы күні барша мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мәдениетіміздің қазынасына қосқан шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Құрметпен,
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы

21 мамыр 2021
Қобызшы Роза Құспанқызының 85 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Роза Құспанқызы 1936 жылы 20 мамырда Орал облысы, бұрынғы Фурманов (қазіргі Жалпақ тал) ауданына қарасты Қарасу ауылында дүниеге келген.
Р. Құспанқызы – елімізге белгілі қобызшы.
1960 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Ұлт аспаптар» бөлімін қобыз мамандығы бойынша тәмамдаған.
1960-1966 жылдар аралығында «Қазақконцертте» жұмыс істесе, 1966 жылдан 1975 жылға дейін консерваторияның жанында Халық Қазынасы ән-күй мұрасын жиыстыру кабинетінде мәнді де жемісті қызмет жасаған. 1960-1980 жылдар аралығында Лұқановтар ансамблінің мүшелігінде болған. Сондай-ақ, 1975 жылы Алматы қаласында орналасқан С.Прокофьев атындағы №3-музыка мектебінде алғаш қобыз сыныбын ашып, 41 жыл осы өнер шаңырағында еңбек атқарған. Қазіргі уақытта ол ұлағатты ұстаз әрі зейнеткер. Жарты ғасыр Қазақ өнеріндегі еңбек жолында жастарды білімділікке, шынайы сезімталдыққа, адамгершілікке тәрбиелеп, өзін «Ұстаз» деген ұлағатты есімге лайықты көрсеткен.
Роза Құспанқызы – «Ықыластың қобызы», «Өмірім мен өнерім», «Ғасыр үні – қобыз», «Қобызға арналған хрестоматия», «Сағыныш» (жеке дауысқа арналған әндер) атты кітаптардың авторы.
Ол 1985 жылы «Еңбек ардагері», 1991 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі», 2006 жылы «ҚР Мәдениет қайраткері», 2013 жылы Қазақ өнері мен мәдениетіне сіңірген зор еңбегі үшін және жастар тәрбиесіндегі тәлімгерлігі ерекше «Тұлға» орденімен марапатталған. Сонымен қатар 2016 жылы 80 жасқа толуына байланысты «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгіге ие болған.
Роза Құспанқызы өз сөзінде: «Маған табиғаттың өзі сыйлаған әнге, өнерге құмарлық қасиеттерімнен болса керек», - дегені бар. Қанмен біткен қасиет жоғалмайды дегендей, өзінің табиғат берген лирикалық даусымен және ән ырғағына беріліп, туа біткен сазгерлік қасиетімен қобызшы бірнеше туындыны жарыққа шығарған. Роза Құспанқызының «Қалқам», «Жазғы кеште», «Ақ жайық», «Қарындас», «Қыз сағынышы» атты тамаша сазды әндері бар.
Қорқыт бабамыздан бастап Ықылас Дүкенов шығармашылығы арқылы бүгінге жеткен қобыз өнерін құрметтеп, насихаттаушылардың бірі ретінде Роза Құспанқызы қаншама шәкірт тәрбиеліп шығарған. Олар бүгінде өнер саласында жемісті қызмет атқарып келеді.
Ата-бабамызға мирас болған қобызды өмірлік азығына айналдырған Роза Құспанқызы соңынан ерген өнерпаздарға керемет үлгі-өнеге.
Консерватория ұжымы өнер иесін 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мызғымас сабырлық, қайтпас жігер, жайдары көңіл, ұзақ өмір тілейміз! Өміріңіз мәнді, шаңырағыңыз сәнді болсын! Дастарханыңыздан дәм-тұз үзілмей, барыңыз берекеге, берекеңіз мерекеге ұлассын! Төл мейрамыңызбен тағы да құттықтап, алдағы күндерде де абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз!

20 мамыр 2021
Министрдің кезекті есеп беру кездесуі өтті

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызының халық алдындағы кезекті есеп беру кездесуі өтті. Министрліктің Youtube арнасында тікелей эфирде өткен кездесуді консерватория басшылығы тыңдап, өзара пікірлерімен бөлісті.
Министріміз өткен жылғы және 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы негізгі жетістіктер туралы айтып, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді де тілге тиек етті. Министрліктің барлық қызметі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауларына, Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларына, Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасына, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына негізделген. Еліміздің биылғы ең басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Министрлік ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған әрбір жоспарлы шараның уақытылы және сапалы өткізілуін қамтамасыз етеді.
Ақтоты Рахметоллақызы: «Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында берілген тапсырмасы аясында Наурызды мерекелеуге жаңа форматтағы тұжырымдамалық тәсілдер әзірленді. Республиканың барлық өңірлерінде «Әз Наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі» ұранымен 8 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Наурыз мейрамын мерекелеудің үздік дәстүрлерін жаңғырта отырып, балалар үйінің, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына арналған «#Келкөрісейік» қайырымдылық жобалары, этномәдени қойылымдар, ұлттық музыкалық аспаптар фестивалі, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, өлкетану экскурсиялары, бірқатар өңірлерде ағаш отырғызу және т. б. шаралар өткізілді.
2020 жылы Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Алтын Орданың («Ұлық ұлыс») 750 жылдығы өткізілді. Жамбыл Жабаевтың 175-жылдық мерейтойына бастау берілді. Сонымен қатар Қазақстанның Халық Қаһарманы Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығын, КСРО-ның Халық әртісі Әлібек Дінішевтің 70 жылдығын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу жоспарлануда», - деп алдағы жоспарларына да тоқталып өтті.
Ұйымдастырылып жатқан барлық іс-шаралар өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларды ескеріп, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізілген.
Министрлік пен ведомство басшылығының жұмыстарына сәттілік тілейміз!

14 мамыр 2021
Консерватория профессор-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына байқау жариялады

ҚР МжСМ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушылық құрамының бос лауазымдарына байқау жариялады.
14 мамыр 2021
Студенттеріміз Беларусь Республикасында өткен байқауда лауреат атанды

Жуырда консерваториямыздың «Халық музыкасы» факультетінің студенттері Беларусь Республикасының Старо-Борисов қаласында өткен «Натхненне роднага краю» атты III Халықаралық вокал және аспаптық шығармашылық байқау-фестиваліне қатысып, жеңімпаз атанды. Аталмыш байқауда қазылар алқасының құрамында ұйымдастырушылардың шақыруымен консерваториямыздың профессоры Ерсайын Басықара төрелік етті. Өнер додасында Бексұлтан Бақыт, Назерке Базарбаева, Арна Батиханов, Мұстафа Марат, Әсел Арман, Кристина Тигай I дәрежелі, Мирас Мағжанов пен Ғалия Күнтаева II дәрежелі, ал Назира Қараш III дәрежелі дипломдармен марапатталып, лауреат атағын иеленді. Жеңімпаз студенттерімізді құттықтап, ұстаздары А.Райымбергенов, К.Сахарбаева, Е.Басықара, З.Смакова, Ш.Рауандина, Б.Игілік, А.Кеңегесов және концертмейстерлері С.Мажитова, С.Жанұзақова, Л.Кенжеғұловаларға алғысымызды білдіреміз. Орындаушылық шеберліктерімен көзге түскен өнерпаздарымызға және оларды дайындаған ұстаздарына шығармашылық табыс тілейміз!
5 мамыр 2021
Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 115 жыл

Бүгін Қазақстандағы кәсіби музыка өнерінің, ұлттық музыкамыздың дамуына зор үлес қосқан қайраткер тұлға, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 115 жыл толып отыр. Күй атасы Құрманғазының есімін, мұрасын ұрпақ кәдесіне жаратуға тікелей еңбек сіңірген, қазақтың музыкалық аспаптарын жетілдіріп, халық аспаптары оркестрінің негізін қалаған ғалым-композитордың есімі ел тарихында алтын әріптермен жазылып қалды. Ахмет Қуанұлы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 1945-1951жылдар аралығында басқарған.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі Қазақстанның халық артисі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 115 жылдығына арналған «Жүрек пернесі» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады.

29 сәуір 2021
Консерватория мен Ресей театр өнері институтының басшылығы онлайн-кездесу өткізді

2021 жылдың 29 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшылығы Ресей театр өнері институтының (ГИТИС) ректоры Анатолий Григорьев Заславскиймен және білім ордасының проректоры Ольга Леонидовна Денисовамен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар музыкалық театр режиссурасы және басқа да білім беру, шығармашылық бағыттарында мамандар даярлау үшін өзара ынтымақтастық орнату жөніндегі ойларын ортаға салды.
Консерватория ректоры Арман Әділханұлы өз сөзінде өнер-білім ордасының жұмысы жөнінде кеңінен таныстырып, Ресейлік әріптестердің ерекше ықыласына ризашылығын білдірді. Кездесу нәтижесі бойынша үстіміздегі жылдың мамыр айында екі елдің шығармашылық білім ордалары арасында ынтымақтастық келісім, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың нақты қадамдары жасалады деп жоспарлануда.

«Менің мамандығым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Zoom платформасында «Арт-менеджмент» кафедрасының доценті Р.А.Малаева «Арт-менеджмент» мамандығының 1 және 2 курс студенттерінің қатысуымен «Менің мамандығым» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Студенттер өздерінің мамандықтарының қыр-сырын зерттеп, артықшылығы мен кемшіліктері, бүгінгі өзектілігі жайында жан-жақты талқылады.
28 сәуір 2021
Ашық есік күні!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Ашық есік күндері өтеді!
28 сәуір 2021
Қабылдау 2025