Консерватория жаңалықтары
Консерваторияның мәжіліс залында белгілі этноорганолог-ғалым, өнертанушы Болат Сарыбаевтың «Ғалым мұрасы» атты кітабы мен «Болат Сарыбаев және түркі әлеміндегі этноаспаптану мәселелері» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті
2019 жылдың 26 қарашасында Халықаралық TURKSOY ұйымы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұйымдастыруымен өнер-білім ордасының құрылғанына 75 жыл толуына арналған мерейтойлық шаралар аясында консерваторияның мәжіліс залында белгілі этноорганолог-ғалым, өнертанушы Болат Сарыбаевтың «Ғалым мұрасы» атты кітабы мен «Болат Сарыбаев және түркі әлеміндегі этноаспаптану мәселелері» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Екі жинақ та Халықаралық TURKSOY ұйымының демеушілігімен Алматы қаласында жарық көрген. Жинақтарды құрастырушылар: өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Саида Елеманова, өнертану ғылымдарының магистрі Сәуле Боранбаева, өнертанушы Фатима Нұрлыбаева.
Отандық музыкатанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, ғалымның жақын туыстары, студенттер мен оқытушылар қатысқан жиынды Қазақстанның ТҮРІКСОЙ халықаралық ұйымындағы өкілі Асқар Абдуалиұлы Тұрғанбаев ашып, сөз кезегін Құрманғазы атындағы ҚҰК ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, өнертану кандидаты Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы алды. Сазсырнайшылар, жетігеншілер, қылқобызшылар ансамбльдері және сыбызғы аспабында орындалған әсерлі әуендер отырысқа ерекше мән беріп, сәнін кіргізді. Сондай-ақ тұсаукесер рәсіміне Болат Сарыбаевтың келіні Гүлнар Батырбекова және ағасы Шора Сарыбаевтың қызы Майра Сарыбай да қатысып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927-1984) – көрнекті этноаспаптанушы ғалым, қазақ этноаспаптануының негізін қалаушы, қазақтың көне музыкалық аспаптарының тұңғыш рет толық ғылыми сипаттамасын жасап терең зерттеген және оларды қайта жаңғыртып, дыбысталуы мен тартылу әдістерін қалыптастырған тұлға. Ол Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітіріп, халық аспаптар кафедрасында бірнеше жыл қызмет атқарған.
«Ғалым мұрасы» атты алғашқы жинаққа ғалымның мақалалары мен құжаттары, еңбектерінің библиографиясы, фотоматериалдары мен ғалым туралы естеліктер және қазақ этномузыкатанушыларының Болат Сарыбаев туралы зерттеу мақалалары топтастырылған. Ал, екінші жинаққа «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі аясында өткізілген «Болат Сарыбаев және түркі әлеміндегі этноаспаптану мәселелері» және «Қорқыт Ата мұрасы: эпикалық мәдениет, халық аңыз әңгімелері және әуендері» халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларының материалдары енгізілген.
«Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы» деген атпен танылған ТҮРІКСОЙ Халықаралық түркі мәдениетінің ұйымы 25 жылдан астам уақыт бойы түркі әлемінің мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау, сақтау және зерттеу жұмысын белсенді түрде атқарып келеді. Халықаралық ұйым жыл сайын түркі әлемінің мәдениеті мен өнерін дамыту мақсатында түрлі мәдени-шығармашылық шаралар (концерттер, көрмелер, пленерлер, кездесулер, қойылымдар, ғылыми-практикалық конференциялар және т.б.) ұйымдастырып отырады.

26 қараша 2019
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында өнер-білім ордасының 75 жылдық мерейтойы құрметіне ұжым қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында өнер-білім ордасының 75 жылдық мерейтойы құрметіне ұжым қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Марапаттарды ұжым басшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев өз қолымен табыстады.
25 жылдан астам уақыт бойы түркі әлемінің мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау, сақтау және зерттеу жұмысын белсенді түрде атқарып келе жатқан, «Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы» деген атпен танылған «ТҮРІКСОЙ» Халықаралық түркі мәдениетінің ұйымы консерваторияның құрылғанына 75 жыл толуына орай, Түркі әлемінің мәдениеті мен өнерінің дамуына сіңірген ерекше еңбегі үшін Төсбелгісі және Алғыс хатымен бірқатар қызметкерлерімізді марапаттады.
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының Президенті Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандар дайындаудағы ерен еңбегі үшін Алғыс хатына ұжымымыздағы бірнеше қызметкерімізді лайық көрді.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ректорының 2019 жылдың 25 қарашадағы №99-п бұйрығы бойынша арнайы дайындалған «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 75 жыл» мерейтойлық төсбелгісіне консерваторияның барлық ұстаздары мен бөлім жетекшілері ие болды.
Жиын соңында қарашаңырағымыздың 75 жылдығына арналып түсірілген ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі кинорежиссер Ермек Шынарбаевтың қолынан шыққан деректі фильмнің тұсауы кесілді.
Айта кетейік, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы биыл өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өтуде. Мерейтойлық концерт 28-қарашада, Республика Сарайында өтпек. Басталуы сағат 19.00-де.

Консерваториямыздың 3-4 курс студенттері мен профессор-оқытушылық құрамға «Бизнес-жоба. Бизнесті қалай бастаймыз» тақырыбындағы лекция семинары өтті

2019 жылдың 16-қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, 2019 жылғы 20-қыркүйектегі №39 Бұйрыққа сәйкес 3-4 курс студенттері мен профессор-оқытушылық құрамға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің қолдауымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған, бизнес-тренер, кәсіпкер Арай Успаеваның «Бизнес-жоба. Бизнесті қалай бастаймыз» тақырыбындағы лекция семинары өтті.
Кәсіпкер өз тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып бизнесті бастаудың алғышарттары жөнінде құнды ақпараттарымен бөлісті. Өз жобаңды сауатты түрде қалыптастыру, жобаның тиімділігін анықтау үшін есепті дұрыс жүргізу, қателіктерге ұрынбау үшін не істеу керектігі сияқты мәселелерді тереңінен түсіндірді.
Кездесу қатысушылардың бұл салаға қызығушылығының жоғары екенін көрсетті. Лекция өте қызықты, пайдалы әрі мазмұнды болды.

20 қараша 2019
Консерваториямызда Болат Сарыбаевтың «Ғалым мұрасы» атты кітабының тұсаукесері өтеді

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының құрылғанына 75 жыл толуына арналған мерейтойлық шаралар аясында 2019 жылдың 26 қараша күні сағат 15.00-де консерваторияның конференц залында (Корпус А) белгілі этноорганолог-ғалым, өнертанушы Болат Сарыбаевтың «Ғалым мұрасы» атты кітабы мен «Болат Сарыбаев және түркі әлеміндегі этноаспаптану мәселелері» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтеді.
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев – көрнекті этноаспаптанушы ғалым, қазақ этноаспаптануының негізін қалаушы, қазақтың көне музыкалық аспаптарының тұңғыш рет толық ғылыми сипаттамасын жасап терең зерттеген және оларды қайта жаңғыртып, дыбысталуы мен тартылу әдістерін қалыптастырған тұлға.
Екі жинақ та Халықаралық TURKSOY ұйымының демеушілігімен жарық көрген. Жинақтарды құрастырушылар: өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Саида Елеманова, өнертану ғылымдарының магистрі Сәуле Боранбаева, өнертанушы Фатима Нұрлыбаева.

19 қараша 2019
Ресейдің Новосибирск қаласында «Тартария» Сібір халықтарының музыкалық мәдениеті фестивалі аясында «Қазіргі заман және дәстүрлі музыкалық мәдениеттер» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті

2019 жылдың 14-15 қарашасында Ресейдің Новосибирск қаласында «Тартария» Сібір халықтарының музыкалық мәдениеті фестивалі аясында «Қазіргі заман және дәстүрлі музыкалық мәдениеттер» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияда өнертану докторлары мен кандидаттары, музыкалық ЖОО магистранттары және колледждердің студенттері қатысты.
Консерваториямызды «А.Маноцкова «Ер Төстік» камералық операсы: түрлі мәдениеттердің бір-біріне ықпалы жөнінде» тақырыбындағы баяндамасымен «Музыкатану» мамандығының 3-курс студенті Сафиева Жанель таныстырды. Ғылыми жетекшісі PhD докторы, доцент, «Музыкатану және композиция» кафедрасының меңгерушісі Көкішева Марлен Тастемірқызы.

15 қараша 2019
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында Бибігүл Төлегенова апамыздың 90 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары бұрын-соңды болмаған кештің куәсі болды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында ине шаншар орын жоқ. Себебі бүгін КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, қазақтың бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова апамыздың 90 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті.
–Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Сізді 90 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! «Үлкен жүрген жерде – береке болады» дейді қазақ. Әрқашан қазақ елінің, қазақ өнерінің қара шаңырағының берекесі болып жүре беріңіз,- деді құттықтау сөзінде консерватория ректоры Арман Жүдебаев.
Сондай-ақ ректор алдағы уақытта консерваториямыздың мұражайы ашылатыны туралы айтып, мұражайдың алғашқы жәдігері ретінде Бибігүл Төлегенова апамыздың қолтаңбасын алды.
Концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова, Бибігүл Төлегенова атындағы Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаттары Расул Жармағамбетов, Мадина Оразбай, Балуан Беркенов, Халықаралық конкурстардың лауреаты Мади Мадияров, Ян Рудковский жетекшілік ететін консерваториямыздың аралас хоры және т.б дарынды жастарымыз өнер көрсетті. Олардың өнеріне тәнті болған көрермендер қошеметтерін аямады. Сонымен қатар кеш барысында Бибігүл Ахметқызы жиналған көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, өміріндегі қызықты сәттерімен бөлісті.
Біз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория ұжымы атынан өнер атты ұлы көште халқының жүрегінен орын алып, өз қолтаңбасын қалдырған қазақтың мақтанышы Бибігүл Ахметқызы Төлегенова апамызға ұзақ ғұмыр тілейміз!

14 қараша 2019
Үлкен концерт залымызда "Халық музыкасы" факультетінің "Мәңгілік өшпес сарындар" атты концерті өтті
Бүгін консерваториямыздың 75 жылдық мерейтойы құрметіне Үлкен концерт залымызда "Халық музыкасы" факультетінің "Мәңгілік өшпес сарындар" атты концерті болды. Біләл Ысқақов, Нүркен Аширов, Айгүл Үлкенбаева, Төлепберген Тоқжан, Зәмзәгүл Ізмұратова, Рамазан Стамғазиев, Талғат Мұқышев, Гүлфайрус Далбағай сынды дәстүрлі музыкалық өнеріміздің өркендеуіне әрі орындаушы, әрі ұстаз ретінде сүбелі үлес қосып жүрген майталмандарымыз және дарынды студенттеріміздің қатысуымен өткен кеш жоғары деңгейде өтті. Айта кетейік, биыл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 75 жыл. Үлкен мерекелік концертіміз 28-қарашада Республика сарайында өтпек. Басталуы 19:00-де.
12 қараша 2019
Халық музыкасы факультетінің 75 жылдық мерейтойға арналған концерті өтпек

Халық музыкасы факультетінің 75 жылдық мерейтойға арналған "Мәңгілік өшпес сарындар" атты концерті өтпек
10 қараша 2019
Ашық сабақ

2019 жылдың 11 қарашасында "Домбыра" мамандығының студенттеріне арналған ашық сабаққа "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі қонақ ретінде қатысады.
9 қараша 2019
Қабылдау 2025