Консерватория жаңалықтары
Консерваториямыздың 3 курс студенттері 100-ден астам адамды қазақтың ұлттық домбыра аспабында ойнауға баулып жүр

Қымбатты достар! ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жастарды дамыту мақсатында өткен «Zhas project» жобасына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының белсенді студенттері өз жобаларын ұсынып, грант ұтып алған болатын. Атап айтсақ «Халық музыкасы» факультеті «Домбыра» кафедрасының 3 курс студенті Қыдырсихова Тоғжан, Айтжанов Али, Абдықадыров Мейрамбек. Қазіргі таңда студенттер өз жобалары аясында 100-ден астам оқушыларды, жасөспірімдерді, ересектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қазақтың ұлттық домбыра аспабында ойнауға баулып жүр. Өз өнерлерін ұлттық өнерге қызыққан жандарға үйретіп, қоғамға пайдасы бар іс атқарып жүрген жастарға консерватория ұжымы атынан сәттілік серік болсын дейміз.
«Zhas project» Жастар корпусын дамыту жобасы – бұл Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы.
Мақсаты: жастарды қоғамдастықтың өміріне тарту, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.
Жоба 2017 жылы басталып, Қазақстанның төрт облысынан шамамен 2 000 қатысушыны қамтыды. 2018 жылы Жоба шеңберінде шамамен 3 508 адам қамтылды.
Жоба төрт компонентті қамтиды:
- жастардың топтарына әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған 1 000 000 теңгеге дейінгі гранттар мен әлеуметтік шәкіртақылар ұсыну;
- жас адамдарды өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқару бойынша оқыту;
- жастардың осал топтарымен жұмыс істеу;
- тиімді ақпараттық-түсіндіру науқаны мен кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін іске асыру.
Жобаның қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды басқарудың бағдарламасы бойынша үш кезеңдік оқытудан өтеді. Сондай-ақ 6 ай бойы өз әлеуметтік жобаларын іске асырып, арнайы ай сайынғы шәкіртақылар алады.

30 қазан 2019
Магистранттарымыз А.Г. Шнитке атындағы Мәскеу мемлекеттік музыка институына Ғылыми тағылымыдамаға жіберілді.

Қымбатты достар! Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Аспаптық орындаушылық» және «Дирижерлеу» мамандықтарының 2 курс магистранттары А.Г. Шнитке атындағы Мәскеу мемлекеттік музыка институына 28 қазан мен 6 қараша аралығында Ғылыми тағылымыдамаға жіберілді. Олардың ішінде Сапабеков Талғат, Мендалиев Айдос, Оспанова Айзада, Чалова Оксана және Якупов Бекарыс бар. Магистранттарымызға консерватория ұжымы атынан ғылыми жұмыстарында сәттілік, шығармашылық табыстар тілейміз.
30 қазан 2019
Ректор А.Жүдебаев Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысты
2019 жылдың 25 қазанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен «Өнер саласындағы: мектеп – колледж – ЖОО – ЖОО-нан кейінгі білім, үздіксіз білім беру бағдарламасын жетілдірудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысына қатысты. Пленарлық отырыста А. Жүдебаев Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК) жаңа ұйымдастырушылық құрылымы бойынша жүзеге асырылатын «Музыка өнері саласындағы кәсіби білім беру» жобасындағы үйлестіруші қызметі консерватория еншісіне тигенін айтты.
25 қазан 2019
Консерваториямыздың магистранттары Баку Музыкалық Академиясына Ғылыми тағылымдамаға жіберілді

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Аспаптық орындаушылық» және «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультетінің магистранттары Д. Қапан, А.Мұрат, А. Балбосынова, А. Демесінова, Н. Бердешова, Г. Сақышова, Ж. Әлімжан, Қ. Саханов ғылыми-зерттеу жұмысы аясында Уезир Гаджибеков атындағы Баку Музыкалық Академиясына 2019 жылдың қазан айының 20-30 аралығында Ғылыми тағылымдамаға жіберілді. Студенттерімізге сәтті сапар, шығармашылық табыстар тілейміз.
22 қазан 2019
«Халық музыкасы» факультетінде жаңа декан
Бүгін консерватория ректоры Арман Жүдебаев «Халық музыкасы» факультетінің жаңа деканын ұжымға таныстырды. Факультет деканы болып аға оқытушы, PhD докторы, «Хассақ» этно-фольклорлық тобын құрып, талай Халықаралық фестивальдар мен байқауларда ұлттық өнерімізді әлемге паш етіп жүрген дарынды күйші Ержан Жәмеңкеев тағайындалды. Әріптесімізді құттықтап, жұмысына табыстар тілейміз.
22 қазан 2019
Жиенбай Жырау Дүзбенбетұлының 155 жылдығына арналған «Жыр иесі – ЖИЕНБАЙ» атты концерт өтті
Ағымдағы жылдың 17 қазан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында «Халық әні» кафедрасының ұйымдастыруымен, Сыр өңірі жыраулық мектебінің үлкен тармағы – Жиенбай мектебінің негізін қалаушы Жиенбай Жырау Дүзбенбетұлының 155 жылдығына арналған «Жыр иесі – ЖИЕНБАЙ» атты концерт өтті.
Жыр кешіне елімізге танымал жыраулар Бидас Рустембеков, Арнұр Көшенеев, Берік Саймағамбетов, Ұлжан Байбосыноваларға қоса туыстас өзбек елінің халық бахшылары Әбдіназар Поянов, Мұхаммад Ешбоев, Қарақалпақстандық Гүлнар Алламбергенова мен Гүләйім Өтешова және Башқұртстаннан келген қонағымыз Ильгам Байбулдиндер қатысты. Сонымен қатар Тұрар Айдос, Әлішер Мырзағалиев, Ерсейіт Әлиев сынды текті өнер иелері де бар.
Бабалардан қалған жүйелі сөзді жеткізіп, халқымызды рухани сусындатып жүрген өнерпаздар консерватория ректоры Арман Жүдебаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды!

18 қазан 2019
Консерваториямыздың магистранттары ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында Әзірбайжан ұлттық консерваториясына аттанды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистранттары ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында Баку қаласындағы Әзірбайжан ұлттық консерваториясына ғылыми тағылымдамаға аттанды. Қазан айының 16-26 күндері аралығында шетелдік ғылыми тәжірибеден өтуге жіберілгендер қатарында «Музыкатану» мамандығының магистранты Ш. Мұхамбетжанов, «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығының магистранттар ы А. Абылсерік, Ф. Амантаева, А. Жұмабаев, А. Шынаров, Қ. Әмірхановтар бар.
16 қазан 2019
Мәскеу қаласында өткен А.В Затаевичтің 150 жылдығын мерекелеу аясында Халықаралық ғылыми конференциясының жұмыстары өз мәресіне жетті

2019 жылғы 9-12 қазан аралығында Мәскеу қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігіның ұйымдастыруымен өткен белгілі этнограф, қазақстандық музыкатану және композиторлық мектептің негізін қалаушылардың бірі Александр Викторович Затаевичтің 150 жылдығын мерекелеу аясында Халықаралық ғылыми конференциясының жұмыстары өз мәресіне жетті.
Конференция аясында дәстүрлі музыка майталмандары шеберлік сыныптарын өткізіп, консерваториямыздың ғалым-ұстаздары дайындаған А. В. Затаевич еңбектері жинағының тұсаукесері жасалды. Ауқымды шараның соңғы күні Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының Үлкен концерттік залында Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солистері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Айгүл Үлкенбаева және консерваториямыздың дарынды студенттерінен құралған жетігеншілер ансамблі қатысқан концерт өтті. Жиналған көпшілік қатысушылардың өнеріне риза болып, мерекелік концерт соңында артистерге зор қошемет көрсетті.

14 қазан 2019
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Польшаның Вроцлав қаласындағы К.Липинский атындағы Музыкалық академиясына білім алуға жіберілді

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Аспаптық орындаушылық» факультетінің «Ішекті аспаптар» мамандығы бойынша 2 курс студенті А.Суният, «Фортепиано» мамандығы бойынша 3 курс студенттері Н.Малюхов, С.Балтабай, Ш.Қабенова, Г.Кеңесова, А.Омарова, және «Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер» факультетінің «Композиция» мамандығы бойынша 3 курс студенттері И.Жаңабаева және А.Байбағысова академиялық ұтқырлық шеңберінде Польшаның Вроцлав қаласындағы К.Липинский атындағы Музыкалық академиясына 2019 жылдың 13-қазаны мен 2020 жылдың 12-ақпаны аралығында семестрлік білім алуға оқуға жіберілді.
14 қазан 2019
Қабылдау 2025