Консерватория жаңалықтары
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы арасында өзара ынтымақтастық меморандумы жасалды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Мәскеуде өтіп жатқан этнограф-ғалым А.Затаевичтің 150 жылдығына арналған ауқымды шара аясында, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы арасында өзара ынтымақтастық меморандумы жасалып, қос шаңырақ басшылары Арман Жүдебаев пен Александр Соколов маңызды құжатқа қол қойды. Бұл құжат екі ел арасындағы мәдени байланыстың нығаюына зор үлес қоспақ.
12 қазан 2019
«Ән қайнары – Кең Жылыой» Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті

Ағымдағы жылы Атырау облысы, Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырыған «Ән қайнары – Кең Жылыой» Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Аталмыш байқауда «Халық әні» кафедрасының 4 курс студенті Болатбек Құбашев жүлделі 2 орынды иеленсе, 2 курс студенті Байбақты Ідірбай байқау дипломанты атанды. Жүлдегер студенттеріміздің ұстазы «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы - Қарабалина Эльза Жеңісқызы. Консерватория ұжымы Эльза Жеңісқызын және жеңімпаз студенттерімізді құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.
10 қазан 2019
Консерватория ұжымы Нүркен Әшіровты жаңа қызметімен құттықтады
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев пен факультет декандары, кафедра меңгерушілері және «Халық музыкасы» факультетінің бірқатар ұстаздары Нүркен Әшіровты жаңа қызметімен құттықтады. Жиынды ректор құттықтау сөзімен бастап, Нүркен Нұрғалиұлына "Алғыс хат" тапсырып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ «Қобыз және баян» кафедрасының меңгерушісі Базархан Қосбасаров, «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі Аманкелді Күзеубай, «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі Төлепберген Тоқжанов және жиналған ұстаздар қауымы әріптестерін құттықтап, жаңа қызметін абыроймен атқаратынына үлкен сенім білдірді.
Айта кетейік, 2019 жылдың 8 қазан күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың бұйрығымен Әшіров Нүркен Нұрғалиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалған болатын.

9 қазан 2019
Б. Шүкенов атындағы стипендия иегерлерін құттықтаймыз!

Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қоры Болат Өтемұратов атындағы қордың қолдауымен 2019-2020 оқу жылына тағайындаған Батырхан Шүкенов атындағы стипендия иегерлерінің аттарын жариялады. Жеңімпаздар қатарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының студенттері Құралай Мәлімбаева мен Алдияр Шәкенов бар. Қоғамдық қор белгілеген шәкіртақы көлемі жоғары оқу орны тәлімгерлері үшін 500 000 теңгені құрайды. Жеңімпаз студенттерімізді үлгі боларлық жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.
Іріктеу комиссиясы құрамында Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бауыржан Шүкенов, Болат Өтемұратов атындағы қордың өкілі Жәмилә Рымжанова, дирижер Қанат Омаров және кларнетші Дамир Бүркітбаевтар бар.

8 қазан 2019
Әріптесімізді жаңа қызметімен құттықтаймыз!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық музыкасы» факультетінің деканы болып қызмет атқарған әріптесіміз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дарынды күйші, білікті ұстаз Нүркен Нұрғалиұлы Әшіров А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры болып тағайындалды.
8 қазан 2019
Консерваториямыздың бірқатар ұстаздарына ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды

Бүгін Ұстаздар күніне орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында ұжымның бірқатар ұстаздарына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Марапат иелерін консерватория ректоры Арман Әділханұлы құттықтады.
Құрмет грамотасына Қалымова Ғалия Далелханқызы, Шаплыко Валентина Георгиевна, Жүсіпова Сәуле Сейдуәліқызы, Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы, Құрманғалиев Тілеулес Құрамбайұлы, Аязбаева Айнұр Исатайқызы ие болды.
Алғыс хаттармен Көкішева Марлен Тастемірқызы, Далбағай Гүлфайраз Есімханқызы, Әмреева Ақмарал Еруланқызы, Сарымсақова Алмагүл Сессияқызы, Мұсахан Данара Еруланқызы, Алина Әсел Қайратқызы марапатталды.
Әріптестерімізді алған марапаттарымен құттықтап, еңбек ұжымында да, отбасында да бұдан да зор жетістіктерге жете беріңіздер демекпіз.

7 қазан 2019
Студенттер назарына!

Эразмус+ халықаралық бағдарламасы және Виго Консерваториясымен (Виго қ., Испания) жасалған келісімшарт аясында 2019-2020 оқу жылына бір семестр көлемінде (2020ж. қаңтар – мамыр) келесі мамандықтар бойынша қабылдау жарияланады:
Бакалавриат деңгейінде: 2-3 курс, "Ішекті аспаптар", "Үрмелі аспаптар»
Грант саны: 2, өтінімдер саны шектелмеген.
Байқау мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылармен қатар, ақылы негізде білім алушыларға да ашық.
Байқау іріктеуіне қатысу үшін үміткер келесі критерийлер мен талаптарға сәйкес болуы тиіс:
• ҚР азаматы;
• Өткен оқу мерзіміндегі жоғары академиялық үлгерім;
• Жауапкершілік пен әдептілік.
Іріктеуді оқытушылар құрамы мен жіберуші және қабылдаушы тараптың координаторлары жүргізеді.
Үміткерлер мына сілтеме бойынша онлайн тіркеуден өтуі қажет: https://aec.dreamapply.com. Онлайн өтінімде жіберуші ЖОО Құрманғазы атындағы консерваторияны, ал қабылдаушы ЖОО Виго консерваториясын таңдау қажет. (Choose your institution as home institution and create the mobility to Vigo).
Үміткерлер internationaldep.knc@mail.ru электронды мекенжайына келесі құжаттарды жіберу қажет:
1. CV ағылшын тіліндегі түйіндеме;
2. Факультеттің кафедра меңгерушісі және деканынан қазақ/орыс тілдерінде жазылған екі ұсыным хаты.
Ұсынылған деректер негізінде конкурстық іріктеуден сәтті өткен жағдайда жарамды IELTS сертификатын (5,0-ден кем емес) ұсыну қажет. Сертификатты 2019 жылдың 27 қарашасына дейін (міндетті шарт) ұсыну қажет, сертификатты беру тест күнінен 14 күннен кейін екенін назарға алуларыңызды сұраймыз.
Байқауда сәтті іріктеліп өткен студенттер, Виго қ. 1 семестр мерзімінде (5 ай) барлық шығындарды қамтитын (жатын орын, әуе билеттер) айлық шәкіртақыға тағайындалады.
Онлайн өтінім берудің соңғы мерзімі: 20 қазан 2019 ж.
МАҢЫЗДЫ!!! Онлайн-тіркелу алдында үміткерлер міндетті түрде кафедра меңгерушісі / деканмен Виго Консерваториясының пәндерімен сәйкестендіру талдауын жасап, пән таңдауын жүргізуі қажет. Бұл міндетті рәсім, өйткені таңдалған пәндерді үміткерлер онлайн-тіркеу кезінде көрсетеді.
Халықаралық бөлімнің 272 95 81 телефоны арқылы кеңес алуға болады.

4 қазан 2019
Бүгін консерваторияның А. Жұбанов атындағы кіші залында «Өнердің алтын ұясы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Бүгін консерваторияның А. Жұбанов атындағы кіші залында Қазақстан халқының тілдер күні және білім ордасының 75 жылдық мерейтойы қарсаңында "Әлеуметтік пәндер” кафедрасы тілдер секциясының ұйымдастыруымен «Өнердің алтын ұясы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Тіл – ұлттың жан дүниесі. Қазақтың ғұлама ғалымы А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,– деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Себебі, тіл – достықтың кілті, бірліктің бастауы, ұлттың жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен басты құндылық десек жаңылмаймыз. Осы сөздерді ұран еткен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының белсенді студенттері тіл мерекесіне арналған шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. Мерекелік концертте әр факультеттің студенттері өз өнерлерін көрермен назарына ұсынып, жиналған көпшіліктің қошеметіне бөленді. Әсем ән айтылып, күмбірлеген күй тартылып, театрландырылған көріністер қойылған кеште консерваториямыздың «Жайдарман» тобы да өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша консерваториямыздың 75 жылдық мерейтойының қарсаңында әлі де көптеген мәдени іс-шаралар өтпек.

2 қазан 2019
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар ұстаздары Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы және «Алтын қор» Халықаралық энциклопедиясының редакциясы тарапынан марапаттарға ие болды.

2019 жылдың 2-қазанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар ұстаздары Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы және «Алтын қор» Халықаралық энциклопедиясының редакциясы тарапынан марапаттарға ие болды. Қуаныш иелеріне марапаттарын консерватория ректоры Арман Жүдебаев табыстады.
Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және белсенді ғылыми жетістіктері мен ерен еңбегі үшін Өтеғалиева Сауле Ысқаққызына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік ғылым қызметкері» атағы берілді.
Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және әкімшілік-басқарудағы нәтижелі ерен еңбегі үшін Абдрашев Бахтияр Төлепбергенұлына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік менеджері» атағы берілді.
Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандар дайындаудағы ерен еңбегі үшін А.Р. Бердібай, З.Ш. Ізмұратова, З.Ш. Шакерімова, Д.Р. Шабденова, Г.Б. Абсаттароваларға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік педагогы» атағы берілді.
«Алтын қор» Халықаралық энциклопедиясы редакциялық кеңесінің шешімімен «Білім үздіктері» номинациясы бойынша, білім беру мен ғылымды дамытуға зор үлес қосқаны үшін «Алтын қор» медалімен Ысқақов Біләл Алпанұлы мен Басықара Ерсайын Бақытұлы марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!

Қабылдау 2025