Консерватория жаңалықтары
Консерватория түлектерін жұмысқа шақырады

Көкшетау, Шымкент, Талдықорған, Нұр-Сұлтан, Атырау, Орал және Ақтау қалаларындағы өнер, білім ошақтары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлектерін жұмысқа шақыруда.
30 мамыр 2019
Бос лауазымдарға байқау жариялаймыз

ҚР МСМ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ профессор-оқытушы құрамы және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына байқау жариялайды:
30 мамыр 2019
Магистранттарымыз Норвегиядан оралды

2019 жылдың 20 мамыры күні «Аспапта орындаушылық» факультетінің 1 курс магистранттары Токмурзиева Динара мен Мухадиева Гаухар академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Музыка және орындаушылық саласындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу қауымдастығы/Music and Artistic Research Knowledge Network Eurasia CPEA-LT-2016/10082» халықаралық жобасы бойынша Берген Университетінде (Норвегия) өткен оқуларынан оралды.
Магистранттар өз әсерлерімен және шетелдегі серіктес ЖОО-да алған тәжірибелерімен бөлісті.
Магистранттар өз әсерлерімен және шетелдегі серіктес ЖОО-да алған тәжірибелерімен бөлісті.
27 мамыр 2019
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуын аяқтап елге оралды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық музыкасы» факультетінің «Домбыра-прима» мамандығының 3 курс студенті Ысқақ Зарина Алтай мемлекеттік мәдениет университетіндегі (Ресей Федерациясы, Барнаул қаласы) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бір семестрлік оқуын аяқтап елге оралды.
27 мамыр 2019
М.Төлебаев атындағы V Халықаралық байқаудың лауреаттарын құттықтаймыз

23-24 мамыр күндері Талдықорған қаласында Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері М.Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы өтті.
27 мамыр 2019
Нұркен Әшіровтің "Jyr-qissa" атты шығармашылық кеші өтті

17 мамыр күні Атырау қаласында Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор, дирижер, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы "Халық музыкасы" факультетінің деканы Нұркен Әшіровтің "Jyr-qissa" атты шығармашылық кеші өтті. Атырау жұртшылығының ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленіп, ризалығын алып келген әріптесіміз Нұркен Нұрғалиұлына шығармашылық табыстар тілейміз.
20 мамыр 2019
Ең жас композитор Бейсеқожа Нұрәлінің алғашқы шығармашылық кеші өтті
Кеше 2019 жылдың 16 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында Қазақстандағы ең жас композитор, 50-ден астам классикалық шығармалардың авторы, 13 жасар Бейсеқожа Нұрәлінің алғашқы шығармашылық кеші өтті. Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық Қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының 55 жылдығына арналған кеш иегері Нұрәлі осы мектепте білім алады.
Ең жас композитордың шығармашылық кешіне ҚР еңбек сіңірген қайраткері Буенбаева Гүлмира Жұмаділқызы басқаратын Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық Қазақ мамандырылған музыка мектеп-интернатының симфониялық оркестрі, Ләззат Жүнісова мен Алмагүл Тубажанова жетекшілік ететін «Ақ тілек» ұлдар хоры, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары қатысты.
Мектебінің 55 жылдығына арнаған «Мектеп вальсі» атты шығармасымен басталған концерт, алғашқы кешіндегі тыңдармандарымен кездесуіне арналған Нұрәлінің «Көптен күткен кездесу» деген туындысымен жалғасын тапты. Әлемдік классикадағы атақты Антонио Вивальди, Петр Чайковский, Иозеф Гайдн, Астор Пьяццолла сынды композиторлардың ізімен, жанр іспеттес қалыптасқан «Жыл мезгілдері» атты шығармалар желісімен жазылған Нұрәлінің «Жыл мезгілдері. Қыс. Күз» туындылары жас композитордың шығармашылық қарымының кең екендігін байқатты.
Әлем чемпионы, Сочи қаласында өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған «Аққан жұлдыз» туындысы Нұрәлінің қоғамда болып жатқан жайттарға бейжай қарай алмайтын зерек әрі сезімтал екендігін байқатады. Ол тек қана аспаптық жанрда емес, сонымен қатар ән де жазады. Концертте оның туған жерге арналған «Қазақстаным», «Атамекен», ата-анаға арналған «Әкешім», «Анашым» атты әндері де орындалды.
Концертке жиналған көпшілік Нұрәліге риза болып алғысын білдірсе, кәсіби музыкадағы аға буын мамандар ең жас композитордың шығармашылық аяқалысына жоғары баға берді.
Құрманғазы атындағы
Қазақ ұлттық консерваториясы
БАҚ-пен жұмыс жасау бөлімі
Тел: 8 (727) 261-07-12
e-mail: konser.2018@mail.ru

17 мамыр 2019
"Музыкатану және композиция" кафедрасының 3-курс студенті Бекен Аида II дәрежелі диплом иегері атанды.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінде, "Музыкатану" мамандығы бойынша Республикалық студенттер олимпиадасы өтті. Байқау қорытындысы бойынша консерваторияның "Музыкатану, арт-менеджмент және әлеуметтік - гуманитарлық пәндер" факультеті, "Музыкатану және композиция" кафедрасының 3-курс студенті Бекен Аида II дәрежелі диплом иегері атанды. Жетекшісі: Профессор, өнертану ғылымының докторы Өтеғалиева С. Ы.
16 мамыр 2019
Құттықтаймыз!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев ғылыми кеңес отырысында "Музыкатану және композиция" кафедрасының профессоры, өнертану ғылымының докторы Өтеғалиева Сәуле Ысқаққызын ҚР Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен берілген профессор ғылыми дәрежесімен құттықтады.
15 мамыр 2019
Қабылдау 2025