Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Тұран таңы» атты концерті өтті
«Тұран таңы» атты концерті өтті
2019 жылдың 14 мамырында консерваториямыздың үлкен концерттік залында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы М. Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің «Тұран таңы» атты концерті өтті. Концерт Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды. Консерватория ректоры Арман Жүдебаев оркестрдің бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаевқа «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры» атағы берілген дипломын табыстады. Концертте өнер көрсеткен консерваториямыздың түлектері, қазақ ұлттық өнерінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген азаматтар, аталмыш оркестрдің аспапшы-артистері, ҚР мәдениет қайраткерлері Халиев Нұрболат  (гобой), Сауырбаев Қази (альт-қобыз), Қабыкенова Айнаш (прима-қобыз), Оразаев Талғат (домбыра) және ҚР мәдениет саласының үздігі оркестрдің дирижері және көркемдік жетекшісі Аманжолов Армандарды алғыс хаттармен марапаттады.
15 мамыр 2019
«АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІҢ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІ» ұйымы консерваторияға бағалау жұмыстарын жүргізбек.
«АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІҢ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІ» ұйымы консерваторияға бағалау жұмыстарын жүргізбек.
2019 жылы мамыр айының 14-16 күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІҢ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІ» ұйымының институционалды аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі бойынша, аталшым ұйым бағалау жұмыстарын жүргізбек.
4 мамыр 2019
Шведтік музыкант, өнертанушы, жазушы, академик Михаил Казиниктің қайырымдылық концерті өтті
Шведтік музыкант, өнертанушы, жазушы, академик Михаил Казиниктің қайырымдылық концерті өтті
1 мамыр күні консерваторияның үлкен концерттік залында әлемге әйгілі Швед және Ресей музыканты, өнертанушы, жазушы, академик Михаил Казиниктің қайырымдылық концерті өтті. Нобель сыйлығы лауреаттары концерттерінің  озық сарапшылары қатарына жататын Казиниктің өзі жүргізген кешке сонымен қатар Шведтік скрипкашы Борис Казиник пен Польшалық пианиношы Анна Кожевниковалар қатысты. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев шетелден келген қонақтарға алғыс білдіріп шығармашылық табыстар тіледі.
2 мамыр 2019
Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісімен кездесу өтті.
Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісімен кездесу өтті.
2019 жылдың 30 сәуірінде консерваторияда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлымен кездесу өтті. Ұжым басшылығы мен профессор-оқытушылық құрамы қатысқан жиында ресми қонақтар ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң негізімен таныстырып, осы бағытта жүргізілген әлеуметтік зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Кеңсенің міндеті ҚР ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу болғандықтан, консерватория оқытушылары мен студенттерінің осы індетке қарсы танымын қалыптастыру мақсатында арнайы шақырылған қонақтармен алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға келісім жасалды.

30 сәуір 2019
«ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАС ҒАЛЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА II-ДӘСТҮРЛІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ АРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
 «ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАС ҒАЛЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА II-ДӘСТҮРЛІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ АРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
2019 жылдың сәуірінде әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындары аралық «Жаңғыру жолындағы жас ғалым» атты II-дәстүрлі ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық белсенділігін арттыру және оларды заманауи ғылыми мәселелерді шешуге ынталандыру.  Конференцияға  Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның студенттерімен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясы, Жургенов атындағы ҚазҰӨА,  Қазақ ұлттық аграрлық университеті,  Алматы Университеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ,  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен студенттер қатысты.
Конференция 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өткізіліп, келесідей секциялар бойынша үздік жұмыстар тыңдалды:
• Қазіргі мәдениет жастар көзімен
• Өнер әлеміндегі адам
• Әлеуметтік кеңістіктегі коммуникациялық технологиялар
• Қазіргі өнер ғылымы
Конференцияда студенттердің ғылыми мақалалары тыңдалып, ең  үздік жұмыстар   1, 2, 3 орындар бойынша марапатталды, сонымен қатар, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Конференцияда қаралған материалдар жинақ болып жарық көрді.
29 сәуір 2019
«Менің отбасым» байқауы өтті
«Менің отбасым» байқауы өтті
2019 жылдың 27 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында Отбасы күніне орай «Менің отбасым» байқауы өтті. Байқауды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлесе ұйымдастырды. Жоба қала әкімі Бауыржан Байбек бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2019 жылғы іс-шаралар жоспары бойынша жүзеге асырылып отыр. Байқауға консерватория студенттері және олардың жанұялары қатысты.
29 сәуір 2019
Консерваторияға Норвегиялық Берген университетінің өкілдері келді.
Консерваторияға Норвегиялық Берген университетінің өкілдері келді.
Шетелдік қонақтардың жұмыс жоспары «Музыка және орындаушылық саласындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу қауымдастығы / Music and Artistic Research Knowledge Network Eurasia CPEA-LT-2016/10082» жобасы аясында 2019 жылдың  29 сәуірі мен 3 мамыры аралығына жоспарланған. Жоспар бойынша олар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен тәжірибе алмасып, шеберлік-сыныптарын өткізіп,  концерт ұйымдастырмақ    . Серіктестер мынадай құраммен келді: Kджетил Tраавик Мостер – электрофонды саксофон, Aнетт Торшейм – халық музыкасы, аккордеон, Томас Т.Дал – гитара.
29 сәуір 2019
«Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы Ұлжан Байбосынова Бас жүлдеге ие болды.
«Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы Ұлжан Байбосынова Бас жүлдеге ие болды.
2019 жылдың 5-сәуірінде Өзбекстанның Термез қаласында тұңғыш рет өткен Халықаралық бахшы (жыршы) өнерінің фестиваліне  Қазақстанның атынан қатысқан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова Бас жүлдеге ие болды.

Бес күнге созылған фестивальға Түркия, Әзірбайжан, Корей, Моңғолия, Малайзия, Башқұртстан, Түркіменстан, Венгрия, Сербия, Болгария, Қырғызстан сынды жалпы саны 74 мемлекеттен 160-тан аса өнерпаздар қатысқан.

Қасиетті өнерді өміріне серік еткен, ұлағатты ұстаз Ұлжан Мәлікайдарқызын айтулы жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

26 сәуір 2019
«Эразмус+» Еуропалық бағдарламасы аясында Испанияның Виго қаласындағы консерваториядан қонақтар келді.
«Эразмус+» Еуропалық бағдарламасы аясында Испанияның Виго қаласындағы консерваториядан қонақтар келді.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына «Эразмус+» Еуропалық Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Испанияның Виго қаласындағы  консерваторияның директоры Эстебан Вальварде Корралес және Хосе Льюис Фернандес Родригез келді. Қонақтарымыз консерваторияның оқу жүйесімен танысып,  студенттерге шеберлік -  сыныптарын өткізді.  Виго  консерваториясының сонымен қатар консерватория ректоры Арман Жүдебаевпен кездесіп, Испаниядағы консерватория мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ынтымақтасты нығайту мәселелері туралы талқылады.
26 сәуір 2019