Консерватория жаңалықтары
Консерваторияда Кенен Әзірбаевтың 135 жылдығын атап өтті

2019 жылдың 24 сәуірінде Алатаудың бұлбұлы атанған қазақ халқының дүлдүл ақыны, жыршы, күміс көмей әнші, халық композиторы Кенен Әзірбаевтың 135 жылдық мерейтойына арналған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұйымдастырған «К.Әзірбаев шығармашылығының бүгінгі насихаты» тақырыбында дөңгелек стол өтті.
25 сәуір 2019
Арман Жүдебаев Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымының басшысы Дүйсен Қасейіновпен кездесті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымының басшысы Дүйсен Қасейіновпен кездесті.
25 сәуір 2019
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жудебаев "Дәстүрлі музыканың дамуы және оның әлемдік кеңістіктегі интеграциясы" тақырыбында баяндама жасады.

2019 жылдың 23-сәуірінде Талдықорған қаласында өткен «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениетті ілгерілету» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев "Дәстүрлі музыканың дамуы және оның әлемдік кеңістіктегі интеграциясы" тақырыбында баяндама жасады. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып отырған шараға еліміздің мәдениет саласында қызмет етіп жүрген жетекші мамандар мен ғалымдар, бірқатар өнер майталмандары және алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар қатысты.
24 сәуір 2019
«Нұр Отан» партиясы атынан үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынылды

Бүгін «Нұр Отан» партиясының съезінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы президенттік сайлауға партия атынан үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынды. Елбасы саясаткердің осы уақытқа дейінгі ел үшін атқарып келген жұмыстарын жоғары бағалап, үлкен сенім артатындығын мәлімдеді.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы бұл шешімді қолдайды! Қасым-Жомарт Кемелұлына алдағы сайлауда сәттілік тілейді! Тәуелсіздігіміз баянды, елімізде бейбіт заман болсын!
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы бұл шешімді қолдайды! Қасым-Жомарт Кемелұлына алдағы сайлауда сәттілік тілейді! Тәуелсіздігіміз баянды, елімізде бейбіт заман болсын!
23 сәуір 2019
«Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениетті ілгерілету» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды

Бүгін Талдықорғанда «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениетті ілгерілету» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды. Жиынға еліміздің мәдениет саласында қызмет етіп жүрген жетекші мамандар мен ғалымдар, бірқатар өнер майталмандары және алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар қатысуда.
22 сәуір 2019
«Қазіргі заманғы мәдениет жас ғалымдар көзімен» тақырыбында жоғары оқу орны аралық дөңгелек үстел өтті.

2019 жылдың 19 сәуірінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастамасымен магистранттарға арналған «Қазіргі заманғы мәдениет жас ғалымдар көзімен» тақырыбында жоғары оқу орны аралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық белсенділігін арттыру және оларды заманауи ғылыми мәселелерді шешуге ынталандыру. Дөңгелек үстелдің жұмысына Құрманғазы атындағы ҚҰК магистранттарымен қатар Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Абай ат. ҚазҰПУ, Абылай хан ат. ҚазХҚжӘТУ, Т.К.Жүргенев ат. ҚазҰӨА магистранттары қатысты. Олар еркін түрде ғылыми-тәжірибелік сипаттағы ақпаратпен алмасты және біздің қазіргі заманғы мәдениетіміздің маңызды мәселелерін талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар болашақта осындай кездесулер дәстүрге айналады деп үміттенеді.
22 сәуір 2019
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өз мәресіне жетті.

1-18 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы бірлесіп ұйымдастырған XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өз мәресіне жетті. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шара болашақ мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін дамыту, білім алушының оқу танымдық белсенділігін ынталандыру, дарынды білім алушыларды іріктеу және оларға шығармашылық серпін беруді көздеді. Республикамыздың түкпір-түкпірінен жоғарғы оқу орындарының 350-ге жуық студенттері 12 мамандыққа қарасты 16 номинация бойынша сайысқа түсті. Олардың ішінен іріктеліп, 80 нен астам дарынды өнерпаздар лауреат атанды.
«Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін биылғы өнер мен білім додасының ерекшелігі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» аясында өтті. Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы ұйымдастыруға қолдау білдірген ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорына алғыс білдіремін. Мұндай іc шаралар келешек ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, бәсекеге қабілетті ұлт болуға өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Өнер сайысы биыл да жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта да еліміздің дарынды жастарының басын қосатын шарамыздың аясы кеңейіп, жалғасын табады деген үміттемін. Барлық жеңімпаздарды өз атымнан құттықтаймын», - деді өз сөзінде Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры Арман Жүдебаев.
«Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін биылғы өнер мен білім додасының ерекшелігі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» аясында өтті. Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы ұйымдастыруға қолдау білдірген ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорына алғыс білдіремін. Мұндай іc шаралар келешек ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, бәсекеге қабілетті ұлт болуға өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Өнер сайысы биыл да жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта да еліміздің дарынды жастарының басын қосатын шарамыздың аясы кеңейіп, жалғасын табады деген үміттемін. Барлық жеңімпаздарды өз атымнан құттықтаймын», - деді өз сөзінде Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры Арман Жүдебаев.
19 сәуір 2019
Жас режиссёрлер мен композиторлардың шығармашылық кездесуі өтті

2019 жылғы 18 сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының конференц-залында жас режиссёрлер мен композиторлардың шығармашылық кездесуі өтті. Іс-шараның құрметті қонағы белгілі режиссёр, сценарист, ҚР Кинематографистер одағының мүшесі Айтуаров Аманжол Толықбайұлы болды. Шығармашылық кездесудің шеңберінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің фильмдері көрсетілді, студент-композиторлардың туындыларының презентациясы жасалды, сондай-ақ киномузыка мәселелері бойынша пікірсайыс өткізілді.
Кездесуді ұйымдастырушы – музыкатану және композиция кафедрасының аға оқытушысы Данара Мұсахан.
Кездесуді ұйымдастырушы – музыкатану және композиция кафедрасының аға оқытушысы Данара Мұсахан.
19 сәуір 2019
Қабылдау 2025