Консерватория жаңалықтары
Бибігүл Төлегенованың X Халықаралық вокалистер конкурсы өтті

Қымбатты достар! Сіздермен қуанышты хабармен бөліскіміз келеді. Қыркүйек айының 14-23 аралығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, Бибігүл Төлегенованың X Халықаралық вокалистер конкурсы өтті. Италия, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Болгария елдерінен қатысқан өнерпаздар арасынан, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокалдық өнер» кафедрасының 2 курс студенті Мәдина Оразбай жүлделі 2 орынға ие болды. Жас өнерпазды консерватория ұжымы шын жүректен құттықтайды. ????????????????????????
Айта кетейік, аталмыш конкурс ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және «Мирас» қоғамдық ұлттық мәдени қорының ұйымдастыруымен өтті.
Айта кетейік, аталмыш конкурс ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және «Мирас» қоғамдық ұлттық мәдени қорының ұйымдастыруымен өтті.
25 қыркүйек 2019
Арман Жүдебаев Монғолия мемлекеттік консерваториясының вице-директоры Гүлфайруз Шоуйетпен кездесті

2019 жылдың 17 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына Монғолия мемлекеттік консерваториясының вице-директоры Гүлфайруз Шаует ханым келді. Қонақты консерватория ректоры Арман Жүдебаев пен ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ғалия Бегембетова қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі жақты әріптестік ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.
18 қыркүйек 2019
Ректор Арман Жүдебаев «Халықаралық менталды-ағартушылық орталығының» профессоры Оңтүстік Кореялық Джо Гю Юнммен кездесті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Оңтүстік Корея мемлекетінен келген «Халықаралық менталды-ағартушылық орталығының» президенті Ким Дже Хонг бастаған делегациямен кездесті. Аталмыш кездесу барысында екі жақ білім беру саласындағы әріптестіктің маңызды сұрақтары мен ортақ жобаларды іске асыру жолдарын талқылады. Сонымен қатар студенттердің тәрбиесіне баса көңіл бөле отырып, олармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу керек екендігі айтылды. Консерватория басшысы әңгіме барысында бұндай серіктестіктің пайдалы болатынына және жақсы нәтиже беретініне сенімді екенін алға тартты.
Айта кетейік, алдағы уақытта Оңтүстік Кореялық «Халықаралық менталды-ағартушылық орталығының» өкілдері консерватория қабырғасында арнайы өнер мен білімді игерудегі студенттердің саналық денгейін көтеріп, заманауи адаптациялық потенциалын нығайтуға бағытталған дәрістер өткізбек.
Айта кетейік, алдағы уақытта Оңтүстік Кореялық «Халықаралық менталды-ағартушылық орталығының» өкілдері консерватория қабырғасында арнайы өнер мен білімді игерудегі студенттердің саналық денгейін көтеріп, заманауи адаптациялық потенциалын нығайтуға бағытталған дәрістер өткізбек.
16 қыркүйек 2019
«Sanaly urpaq» жобалау кеңсесінің басшысы Қ. Тоқышевпен кездесу өтті

2019 жылдың 11 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің «Sanaly urpaq» республикалық жобалау кеңсесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Тоқышевпен кездесу өтті.
12 қыркүйек 2019
КОНСЕРВАТОРИЯ СТУДЕНТТЕРІНЕ КУРАРТОРЛЫҚ САҒАТ АЯСЫНДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

2019 жылдың 11-қыркүйегінде консерватория студенттеріне арналған курарторлық сағат аясында ҚР Президенті Жолдауын талқылаған семинар ұйымдастырылды. Жиынға оқу орнындағы Жастар ісі жөніндегі студенттік комитеті, «Элита» пікірсайыс клубы, «Дебют» студенттік театры, «Born to win» жастар қозғалысы, сондай-ақ, консерваторияда жаңадан ашылған «Саналы ұрпақ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес клубы ұйымдары белсенді ат салысты. Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті дамыту, бітірушілерді жұмысқа орналастыру сияқты мәселелерге қатысты ақпараттар берілді.
12 қыркүйек 2019
Арман Жүдебаев Қазақстанның Халық артисі Бибігүл Төлегеновамен кездесті

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев пен ректор кеңесшісі Ермек Скаков КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Бибігүл Төлегеновамен кездесіп, ардагер ұстаздың биылғы 90 жылдық мерейтойын консерватория қабырғасында арнайы атап өту үшін ұйымдастырылатын шаралар жөнінде ақылдасты. Өмірін өнермен өрнектеген қазақтың бұлбұл әншісі ректорымыздың бұл ұсынысын қуана қабыл алып, жұмысына сәттілік тілеп, «Қазақ операсының аңыздары» атты жинағын сыйға тартты.
9 қыркүйек 2019
«ТҮРКСОЙ» Жастар камералық оркестрінің концерті өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Алматы қаласы әкімдігі мен Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымының бірлескен жобасы «ТҮРІКСОЙ» Жастар камералық оркестрінің концерті өтті.
6 қыркүйек 2019
Президент жолдауы мәдениетке серпін бермек

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа жолдауындағы: «Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек», - деп берген тапсырмасын мәдениет саласының қызметкерлері аса қуанышпен қабылдағаны мәлім. «Жақсы істің басына, жақсы келер қасына» дейді аталарымыз. Мемлекет басшысының мәдениетке жанашырлық танытып, көңіл бөлуі рухани құндылықтарды сақтап, жеткіншек ұрпақтың бойына дарытып, болашаққа жеткізу ісі жүктелген бұл саланың өзектілігін терең ұғынуынан болса, бір жағы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып жуырда тағайындалған Ақтоты Рахметоллақызының Президентіміздің өз назарын мәдениет саласына бұруына мұрындық болуынан деп түсінеміз.
6 қыркүйек 2019
Студенттеріміз Испанияның Виго консерваториясына оқуға аттанды

Ағымдағы оқу жылы академиялық ұтқырлық шеңберінде «Аспаптық орындаушылық» факультетінің 2 курс студенттері Абилсеит Аружан және Жақсыбек Томирис Виго консерваториясына (Виго қ-сы, Испания) 02.09.2019 ж. - 02.02.2020 ж. аралығында семестрлік оқуға жіберілді. Аталмыш бағдарлама «Эразмус+» бойынша жүзеге асырылады.Айта кетейік, мұнда студенттер үшін шәкіртақы мен барлық шығындардың төлемі қарастырылған.
4 қыркүйек 2019
Қабылдау 2025