Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Астрахань қаласында ҚР ЖОО жәрмеңкесі өтті
Астрахань қаласында ҚР ЖОО жәрмеңкесі өтті
Астрахань қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының жәрмеңкесінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының атынан Ержан Жәмеңкеев қатысып, консерваторияның оқу бағдарламасымен, бүгінгі жетістіктерімен таныстырып, шеберлік сабақтарын өткізді.
«Қазақ бауырларымыз, студенттер және музыкаға қызыққан өзге ұлт өкілдері ректорымыз Арман Жүдебаевқа ризашылығын білдіріп жатыр. Өйткені, мұндай мүмкіндік бола бермейді және көзбен көріп, құлақпен естігенге не жетсін?! Жәрмеңкеден бөлек Астраханьдағы домбырашылардың ұясы - Астрахань музыкалық колледжінің директоры Смиховская Алла Васильевнамен кездестім. Студенттерді консерваторияға бағыттау жолдары мен бағдарламасын түсіндіріп, өздерінің оқу барысындағы емтихан талаптарына біздің оқыту жүйесінен біраз ұсыныстар алды. Сонымен қатар қаланың дәл ортасында орналасқан Құрманғазы ескерткішіне де тағзым етіп шықтық. Консерваторияға келуші жастар саны баршылық екен. Бәріне сәттілік тілеймін»  деді өз сөзінде ҚҰК оқытушысы Ержан Жәмеңкеев.

16 сәуір 2019
Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты өтеді
Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты өтеді
Бүгін Ташкентте мемлекеттік сапармен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізбек. Сондай-ақ екі ел басшысы Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанатына да қатысады.
Мемлекет басшысы қатысатын салтанатты жиында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев бастаған консерватория студенттері өнер көрсетпек.
15 сәуір 2019
Құрманғазы атындағы ҚҰК халық аспаптары оркестрінің «Ғасырлар үні» атты концерті өтті.
Құрманғазы атындағы ҚҰК халық аспаптары оркестрінің «Ғасырлар үні» атты концерті өтті.
  2019 жылдың 10 сәуірінде  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық аспаптары оркестрінің «Ғасырлар үні» атты концерті өтті.
Оркестрдің дирижері – Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты Бекболат Әбдіберікұлы. Концертке «Тұран» ансамблі, Әйгерім Қарсақбаева, Фархат Кубиев, Дулат Тоқанов, Әбілқайырхан Бейсеков, Таңат Сәденов, Біржан Бәзілжанов, Әйгерім Аяпова және тағы да басқа дарынды өнерпаздар қатысты.

11 сәуір 2019
Консерватория ректоры Арман Жүдебаев БАҚ өкілдеріне кезектен тыс сайлау туралы пікірін айтты
Консерватория ректоры Арман Жүдебаев БАҚ өкілдеріне кезектен тыс сайлау туралы пікірін айтты
9 сәуір күні Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін халыққа жеткізген еді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевтың осы мәселеге қатысты пікірін бірқатар БАҚ өкілдері жариялады.
11 сәуір 2019
Құрманғазы атындағы ҚҰК «Шырқа даусым, шарықта» атты класс-концерт өтті
Құрманғазы атындағы ҚҰК «Шырқа даусым, шарықта» атты класс-концерт өтті
2019 жылдың 9 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Халық әні» кафедрасының доценті Ардақ Исатаева мен оқытушы Венера Қаржаубаева шәкірттерімен  «Шырқа даусым, шарықта» атты класс-концертін өткізді.
Концертте Арқа және Батыс Қазақстан аймақтарының әндерін консерваторияның дарынды студенттері орындады. Олардың ішінде: Б. Бәзілжанов, Ғ. Тұрғалиев, С. Әбдіразақ, Н. Елемесов, Е. Фархадұлы, А.Дауылбаев, Е. Наурызбеков, Ә. Мағжанова, С.Елтоқ, Д. Көшербаева, Б. Төлеутай, Ж. Мұсылманбек, А. Ақиқат, А. Асанбаева, Ә. Бекниязов, Н.Жұмабай, Ф. Мұстафа, Ж. Өтелгенова және басқаларда бар.

10 сәуір 2019
Құрманғазы атындағы ҚҰК камералық-аспаптық және вокалдық музыка концерті өтті
Құрманғазы атындағы ҚҰК камералық-аспаптық және вокалдық музыка концерті өтті
2019 жылдың 9 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының аясында камералық-аспаптық және вокалдық музыка шырқалған «Музыка весны» атты концерт өтті.
Концерттің ерекшелігі сахнада тек Құрманғазы атындағы ҚҰК магистранттары мен докторанттары өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша олар үшін қазір ғылыми-зерттеулік жұмыстарымен қатар, орындаушылық шеберлігін дамыту маңызды. Концерттік бағдарламада консерваторияның аралас хоры, үрмелі аспаптар оркестрі, «Grand Classic» триосы және т.б дарынды өнерпаздар қатысты.
Қайырымдылық концерттің қадірлі қонағы болып «Мюзик» Халықаралық акредитациялау агенттігінің өкілдері Дариус Кучинскас,  Густав Дюпшёбака, Селия Даффи және Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры Арман Жудебаев қатысты.
10 сәуір 2019
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жасады
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жасады
Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін жариялады. Президент үндеуін консерваторияның кіші залында арнайы жиналған оқытушылар мен студенттер қауымы тыңдады.
9 сәуір 2019
ҚР халық артисі Ғалия Молдакаримованың «Көктем әуені» атты жеке концерті өтті.
ҚР халық артисі Ғалия Молдакаримованың «Көктем әуені» атты жеке концерті өтті.

2019 жылдың 5 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф.Шопен атындағы камералық залында Қазақстан Республикасының халық артисі, профессор Ғалия Молдакаримованың «Көктем әуені» атты жеке концерті өтті.

8 сәуір 2019
Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының алғашқы аптасындағы жеңімпаздар анықталды
Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының алғашқы аптасындағы жеңімпаздар анықталды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы бірлесіп ұйымдастырып отырған XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының алғашқы аптасының нәтижелері белгілі болды.


«6B02104 – ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР» МАМАНДЫҒЫ

«Фольклорлық аспаптар» номинациясы:
I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ Жайлауқызы Гүлфайруз
II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ Уатхан Жұмағали, Айтуарова Нұрай
III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН  ИЕГЕРЛЕРІ Қабышева Жансая, Махшархан Ләйлә, Кенжеғазиева Аяулым
8 сәуір 2019