Консерватория жаңалықтары
XI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА-2019

«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ «Өнер» және «Білім» бағытында 12 мамандық бойынша (16 номинация) 2019 жылы ҚР БжҒМ XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын келесі мамандықтар бойынша өткізеді.
11 наурыз 2019
Консерватория студенттері Алматы метросы жолаушыларына 8-наурыз мерекесіне орай көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Алматы қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық офисімен бірлесіп метро жолаушыларының әйелдер қауымын көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз күнімен құттықтады.
Жас орындаушы-студенттер Метро жолаушыларына ерекше мерекелік, қуанышты көңіл-күй сыйлап, олардың назарына әсем әуендерін ұсынды. «Мәскеу» бекетінен «Райымбек батыр» бекетіне дейін жанды музыка шырқалып, ұлттық аспаптарда атақты күйлер мен танымал лирикалық шығармалар орындалды.
Әйелдер мерекесі қарсаңында қуаныш сыйлаған жас дарынды орындаушыларды смартфондарына суретке түсіріп, тамашалаған жолаушылар тыңдаған әуендерінен үлкен әсер алып, жағымды сезімдерге бөленді.

9 наурыз 2019
Н.A. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясында біліктілікті арттыру

Сепп Майа Яаковна - Халықаралық пианистер конкурстардың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының муғалімі. 2019 жылы Н. А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясында біліктілігін арттыру.
7 наурыз 2019
8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында 8-наурыз халықаралық әйелдер мейрамына арналған концерт өтті. Мерекелік кешті консерватория ректоры Арман Жүдебаев әйелдер қауымын құттықтау сөзімен бастап, оларға деген ерекше ықыласын білдірді.
7 наурыз 2019
Консерватория ректоры 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды!

Консерватория ректоры 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды!
6 наурыз 2019
«Менің отбасым» байқауын өткізу туралы ережелер

1. Жалпы ережелер
«Менің отбасым» байқауы (әрі қарай – Байқау) Отбасы күніне орай өткізіледі. Берілген ережелер байқаудың мақсаттары, міндеттері, өткізілу және жүлдегерлерді марапаттау ретін анықтайды.
2. Мақсаттары мен міндеттері
Байқаудың мақсаттары:
Отбасылық қарым-қатынастың оңтайлы тәжірибесін насихаттау;
Жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және жекелік қасиеттерін қалыптастыру және дамыту;
Заманауи отбасы бейнесін қалыптастыру және отбасының рөлі мен маңызын арттыру үшін жағдай жасау.
Байқаудың негізгі міндеттері:
Салауатты, бақытты және татулы отбасы мәртебесін нығайту, отбасылық дәстүрлерді сақтау және арттыру;
Студенттердің рухани-адамгершілік тәрбие деңгейін арттыру;
Студенттердің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру;
Отбасы күні мерекесі аясында жарқын шоу ұйымдастыру.
3. Іс-шара ұйымдастырушылары
Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның қызметкерлері;
«Арт-менеджмент» мамандығының 3 курс студенттері;
Жастар ісі жөніндегі комитет.
4. Байқауды өткізу талаптары
«Менің отбасым» байқауына Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның студенттері мен олардың ата-аналары қатыса алады.
Байқау 2019 жылдың 27 сәуір күні өткізіледі.
Байқауға қатысу өтінімдері 2019 жылдың 20 наурыз күніне дейін serik_composer@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2019 жылдың 27 сәуір күні өткізіледі.
5. Байқаудың өткізілу реті
Байқау үш кезеңнен құралады:
І кезең – төмендегі тақырыптар бойынша 3 минуттық видеоролик ұсыну:
a) “Менің отбасымның дәстүрлері”
b) “Музыкаға қалай келдім”
Видеороликті бағалау критерийлері:
мазмұндылығы
креативтілігі
отбасылық құндылықтарды көрсету
ІІ кезең интеллектуалды бөлім саналады. Қатысушылар отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бойынша сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Бағалау критерийлері:
жауап жылдамдығы
жауаптың толыққандылығы
Байқаудың ІІІ кезеңі үй тапсырмасы саналады. Қатысушылар ата-аналарының қатысуымен музыкалық нөмір дайындауы тиіс.
Үй тапсырмасын бағалау критерийлері:
дайындық деңгейі
орындаушылық шеберлік
үйлесімділік
сахналық мәдениет
көрсетілімнің жарқындылығы
6. Әділқазылар алқасының мүшелері
Әділқазылар алқасы Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның қызметкерлері және басқа сарапшылар қатарынан ұйымдастырушылар жағымен құрастырылады.
7. Байқауды қорытындылау және марапаттау
Жүлдегерлер “Менің отбасым” байқауының жабылу салтанатында марапатталады.
Байқау жүлдегерлері құрметті дипломдармен, бағалы және басқа да сыйлықтармен марапатталады.
Бір номинацияда жеңімпаз атанған қатысушы басқа номинация бойынша жүлдегер бола алмайды.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
a) «Creative family»
b) «People's Choice Award»
c) «Best video»
d) «Best design»
e) «SmArt family»

Алтай мемлекеттік мәдениет университетінің студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға келді

Ағымдағы оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Алтай мемлекеттік мәдениет университетінің (Ресей Федерациясы, Барнаул қ-сы) 2 курс студенті Кириченко Кристина Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына аспаптық орындаушылық факультетінде оқу үшін 18.02. мен 18.05. аралығында семестрлік оқуға келді.
2 наурыз 2019
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша байқауының 2-ші кезеңі өтті

28 ақпан сағат 15.00 де конференц-залда 2019-2020 оқу жылына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша байқауының 2-ші кезеңі (сұхбат) өтті, 2-ші кезеңге 14 студент қатысты. Комиссия құрамы:
1. Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор
2. Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор
3. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор
4. Халық музыкасы факультетінің деканы
5. Аспапта орындаушылық факультетінің деканы
6. Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер
факультетінің деканы
7. Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру факультетінің деканы
8. Халықаралық бөлім жетекшісі

1 наурыз 2019
Шетелде білім алған Құрманғазы атындағы КҰК студенттері алған әсерлерімен бөлісті

27 ақпан күні консерваторияның кіші залында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Б.Т. Абдрашев академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде білім алудың жайын түсіндіру үшін 1 және 2 курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында бөлім жетекшісі студенттерге бір семестр ішінде шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы мәлімет берді. Академиялық ұтқырлық аясында Польша, Испания және Италия елдерінің жоғары оқу орындарында бір семестр көлемінде білім алған консерваторияның студенттері шетелдегі сапар барысы туралы презентацияларды назарға ұсынды, сондай-ақ өз пікірлерін ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті.
1 наурыз 2019
Қабылдау 2025