Консерватория жаңалықтары

университет ректоры, PhD доктор, профессор Эндрю Вахтель атынан алғыс айтылды.

2019 жылдың 28 ақпанында Астана қаласында Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2018»
байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсім і өтті. Аталған шарада 2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2018»
атағының иегері болған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Тілдер секциясының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,
Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері
СҮЛЕЕВА ГҮЛЖАН СОЗАҚПАЙҚЫЗЫ да
марапатталды.
Әріптесімізді үздік марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта жоғары шығармашылық табыстар мен биік белестерге жетуіне тілектестік білдіреміз.
Конференция аясында заманауи өнер галереясында белгілі ғалым, этнограф Р.Г.Мухамедоваға құрмет көрсетілді. Республикалық дәстүрлі мәдениетті дамыту орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Фанзиля Хәкімқызы Завгарова қонақтарды татар этнографиялық өнерінің әйгілі қайраткерінің бай шығармашылық тағдырымен таныстырды. Осы іс-шараға өзі қатысқан Рамзия Гиниатқызы үлкен ынтамен, ізгі ниетпен мамандықты игерудің қиын жолы туралы айтып, баға жетпес тәжірибемен бөлісті.
Экспедициялық жұмыстардың керемет арсеналы және маңыздылығы жағынан ауқымды жарияланған еңбектер ғалымгың еңбекқорлығы мен қуатын көрсетеді. Осы таңғажайып адаммен танысу және пікірталас белсенді қатысқан жас ғалымдарға әсер қалдырды. Іс-шараның бағдарламасы ғылыми тұрғыдан қызықты және мазмұнды баяндамалардан тұрды.
Қазақстан Республикасы бұл конференцияда Қазақ ұлттық консерваториясының музыкатанушыларының жарияланымдарымен көзге түсті. Олар өнертану кандидаты, профессор Г.Ж.Мұсағұлова «Түркі музыкалық мәдениетінде ұлттық-спецификалық мәселелер» және өнертану кандидаты, «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті А. Р. Бердібай «Жаяу Мұса мен Абайдың ән шығармашылығы қазақ музыкалық-поэтикалық формасының дамуындағы жаңа кезең ретінде» атты мақалаларымен танылды.
Осы ғылыми іс-шарада «Музыкатану, Арт-менеджмент және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» факультетінің деканы Г. Ж. Мұсағұлова баяндама жасады. Онда ол қазақстандық кәсіби өнерге сүйенетін іргелі процестерді зерделеуді көрсетті. Осындай ғылыми кездесулер әр түрлі халықтардың этнографиялық мұралары мен музыкатану ғылымының қазіргі жай-күйімен танысуға жемісті ықпал етеді. Ғалымдар түрлі ұлттардың рухани мәдениетін зерттеуде түрлі аспектілер туралы үлкен қызығушылықпен мәліметтер алды.
өнертану ғылымының кандидаты,
профессор
«Музыкатану, Арт-менеджмент
және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»
факультетінің деканы Г. Ж. Мұсағұлова

Байқауға барша Қазақстаннан өзінің ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген 60-тан астам жас ғалымдар мен 50-ден аса мәдениет қайраткерлері қатысты. Байқау комиссиясы жұмысының нәтижесінде олардың 18-і ғана жоғары бағаға ие болды.

Мемлекет басшысы бұл съездің Қазақстанның дамуына жаңа дем беретінін айтты. Отырыста бас партияның алдағы 10 жылға арналған бағдарламасы көпшілікке таныстырылды. Маңызды құжат 10 бағыттан тұрады. Онда көпбалалы отбасыларға және зейнеткерлерге берілетін жәрдемақы көлемін ұлғайту мәселесі қаралған. Жұмысшылардың жалақысын көтеру, елді баспанамен қамту, экономиканы цифрландыру және жастарға сапалы білім беру жайттары да назардан тыс қалмады. Одан бөлек отандық медицинаны дамытуға да жіті көңіл бөлінеді.
Съезге қатысу үшін республикамыздың барлық өңірлерінен 2000-нан астам делегаттар жиналды. Олардың ішінде елімізге танымал қоғам қайраткерлері, «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық Қаһарманы» атақтарының иегерлері, əр түрлі сала мамандары, ірі кəсіпорын жетекшілері, ғылым жəне шығармашылық интеллигенция, үкіметтік емес жəне жастар ұйымдарының өкілдері, «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы жеңімпаздары, партия филиалдарының белсенді қызметкерлері бар.
«Нұр Отан» партиясының XVIII съезіне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Әділханұлы Жүдебаев та қатысты.

Екі күнге созылған өнер додасына театр труппалары үлкен дайындықпен келген. Фестивальға «Тар заманда тарихты түгендеген Ермахан Бекмаханов» спетаклімен барған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дебют» театры І орын және «Үздік қойылым» номинациясын еншіледі. Дәл осы қойылымда Ермахан Бекмахановтың жұбайы Халиманың рөлін асқан шеберлікпен сомдаған Нұрай Айтуароваға «Үздік әйел адам рөлі» номинациясы бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен ақшалай сертификат табысталды.
Биылғы «Музыканттар балына» 1 және 4 курс студенттерінен құралған 8 жұп қатысты. Барлығы би кешіне арналған киімдерін киіп, ерекше күйге бөленген. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың арасында мәдениет пен әдепті қалыптастыру. Әсем әнге елітіп, дөңгелене вальс билеген қатысушыларды көруге келгендердердің қатары да көп болды.
Бір айға жуық дайындалған студенттер вальс билеп болған соң, үлкен концерт залдың сахнасында көрермендерге өз өнерлерін паш етті. Іс-шара соңында әділ қазылар алқасы үздік жұпты анықтап, марапаттады.


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, PhD докторы Аманкелді Күзеубайдың «Домбырамен ән салу» атты оқу-әдістемелік оқу құралы жарық көрді. Кітаптың тұсаукесері Жезқазған қаласы С.Сейфуллин атындағы кітапханада және Жезқазған саз колледжінде өтті. Тұсау кесер аясында еңбек авторы колледж студенттерімен кездесіп шеберлік сыныбын өткізді. Оқу-әдістемелік құрал балалар музыка мектептеріне және музыка колледждеріне арналған.
Консерватория ұжымы әріптесімізді еңбегінің жарыққы шығуымен шын жүректен құттықтап шығармашылық табыстар тілейді.