Консерватория жаңалықтары

2024 жылдың 26 ақпанында А.Жұбанов атындағы концерттік залда Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойына орай Қазақстанның халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КЕАҚ Торайғыров университетінің профессоры, Құрманғазы атындағы ҚҰК құрметті профессоры Әбіл Шахимардан Қайдарұлының «Абай - толық адам, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек - ән концепциясы» атты шеберлік сабағы өтті.
2024 жылдың 26 ақпанында Е.Рахмадиев атындағы концерттік залда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған «Ансамбль өнері» кафедрасы ұстаздарының концерті өтті.

2024 жылдың 23 ақпанында А.Жұбанов атындағы концерттік залда Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты "Қобыз және баян" кафедрасының 4-курс студенті Еркін Алиманың «Жүрек үні» атты жеке концерті өтті.
Бүгін "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" мен Алматы қаласындағы "Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты" арасында білім беру, ғылыми және инновациялық қызметке өзара мүдделілік қағидаттарына негізделген ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

2024 жылдың 22 ақпанында А.Жұбанов атындағы концерттік залда Құрманғазы атындағы ҚҰК 80 жылдығына арналған «Ішекті аспаптар» кафедрасының 2-курс магистранты Суният Ақмаралдың жеке концерті өтті.
