Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Шетелдік ғалым консерваторияда дәріс оқиды
Шетелдік ғалым консерваторияда дәріс оқиды

Консерватория қабырғасында «Музыкалық өнер мен білім берудегі тұлға, дәстүр, мәдениет» атты ғылым апталығы аясында Евгений Слесарьдың екі бөлімнен тұратын «Өнертанудағы ғылыми зерттеу траекториясы» атты ашық дәрістері, сондай-ақ ғылыми семинар өтеді. Сонымен қатар, ғалым 12 сәуірде өтетін консерваторияның халықаралық конференциясында «Драмалық қаһарман және тарих: субъективтілік шекаралары» атты баяндама жасайды.

1 сәуір 2024
Консерватория оқытушылары Италияда тағылымдамадан өтуде
Консерватория оқытушылары Италияда тағылымдамадан өтуде

Консерватория оқытушылары — Айжан Бекенова, Камила Есдәулетова, Әйгерім Оспанова және Баян Игілік конкурстан сәтті өтіп, қазіргі таңда Libera Accademia di Belle Arti di Firenze (Флоренция, Италия) жоғарғы оқу орнында, 4 наурыз 31 мамыр аралығында тағылымдамаға қатысуда.

1 сәуір 2024
Консерватория доценті Түркия елінде тағылымдамадан өтуде
Консерватория доценті Түркия елінде тағылымдамадан өтуде

Консерватория доценті Раушан Малаева конкурстан сәтті өтіп Akdeniz Üniversitesi Hastanesi (Анталья, Турция) жоғарғы оқу орнында, 4 наурыз 31 мамыр аралығында тағылымдамадан өтуде.

1 сәуір 2024
Профессор К.Сахарбаеваның сыныптың концерті өтті
Профессор К.Сахарбаеваның сыныптың концерті өтті
2024 жылдың 29 наурызында консерваторияның Ғ. Жұбанова атындағы камералық залында күйші-ұстаз, профессор Карима Сахарбаеваның «Күй керуенінің күймелі кірешілері келешекке...» атты сыныптық концерті өтті. Концерт бағдарламасы бойынша көне және сирек орындалатын күйлер көпшілік назарына ұсынылды. Концерттік кеште Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: докторант Ә. Алина, магистрант Л. Ақиқат, 1-4 курс студенттері: І. Күзембай, Ж. Жұмагелдиев, Ә. Халидолда, Р. Бұрахан, М. Әзімбаев, Е. Қадыр өнер көрсетті.
30 наурыз 2024
Т. Бекназарова сыныбы шәкірттерінің «Махаббат вальсі» атты концерті өтті
Т. Бекназарова сыныбы шәкірттерінің «Махаббат вальсі» атты концерті өтті
2024 жылдың 29 наурызында А.Жұбанов атындағы концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай ҚР Мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы Т.К.Бекназарова сыныбы шәкірттерінің «Махаббат вальсі» атты концерті болып өтті.
30 наурыз 2024
Орган музыкасының кеші болып өтті
2024 жылдың 28 наурызында Е.Рахмадиев атындағы концерт залында Орган музыкасының кеші болып өтті. Концерттік кеште 1-курс магистранттары Ирина Зелёная мен Зухра Нигмеджанова А.Вивальди, И.С.Бах, Ф.Шуберт, С.Франк сынды композиторлардың шығармаларын орындады.  
29 наурыз 2024
Кларнет музыкасының кеші болып өтті
Кларнет музыкасының кеші болып өтті
2024 жылдың 28 наурызында А.Жұбанов атындағы концерт залында Кларнет музыкасының кеші болып өтті. Концертте профессор Ж.Р.Ерманов сыныбының 4-курс студенттері Нұрәлі Күнғалиев пен Ағиля Қалназарова өнер көрсетті.
29 наурыз 2024
«Естілмеген есті әндер» атты лекция концерт өтті
«Естілмеген есті әндер» атты лекция концерт өтті
2024 жылдың 28 наурызында Ғ.Жұбанова атындағы Камералық залда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған «Естілмеген есті әндер» атты лекция концерті болып өтті.
29 наурыз 2024
XVI Республикалық кіші олимпиаданың «Фортепиано» номинациясы бойынша нәтижелері шықты
XVI Республикалық кіші олимпиаданың «Фортепиано» номинациясы бойынша нәтижелері шықты

2024 жылдың 27 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерттік залының сахнасында Қазақстан Республикасының мамандандырылған мектептері мен музыкалық колледждерінің студенттері арасында XVI Республикалық кіші пәндік олимпиада өтті. Аталмыш өнер додасына «Фортепиано» номинациясы бойынша еліміздің түкпір-түкпіріндегі музыкалық мектептер мен колледжінде білім алып жатқан жас өнерпаздар қатысып бақ сынады.

 

29 наурыз 2024