Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Фортепиано» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды
«Фортепиано» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды
жоғарғы оқу орындары арасындағы XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында 6В02102 – «Аспаптық орындаушылық» «Фортепиано» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды.
29 наурыз 2024
Saryn-ның 2024 жылғы алғашқы нөмірі
Saryn-ның 2024 жылғы алғашқы нөмірі

Рецензияланатын Saryn журналының редакциясы 2024 жылда өзінің бірінші нөмірін жариялады. Нөмірдің шығуы өнер мәдениеті, театр және музыка салаларын қамтитын әріптестердің шығармаларды интерпретациялау мен өнердегі эксперименттерді зерттеуге бағытталған көрнекті жұмыстарының жариялануымен ерекшеленеді.

29 наурыз 2024
Консерваторияның 80 жылдығына арналған скрипка музыкасының концерті өтті
Консерваторияның 80 жылдығына арналған скрипка музыкасының концерті өтті
2024 жылдың 27 наурызында А.Жұбанов атындағы концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған Скрипка музыкасының концерті болып өтті. Концерттік кеште консерватория ұстаздары К.Халилова, Е.Сапарбаев сыныптарының шәкірттері Томирис Қамбар, Айғаным Сағынтаева, Гүлдана Әлімбек, Ақбота Мәуленқұл, Зейне Дәуітбергенова, Айгерім Исабай, Айзада Тоқтарова, Зарина Рысқали, Нұрай Рысқұлова, Асқар Аружан, Арайлым Бекмағамбетова, Саяна Садуақасова өнер көрсетіп, қазақ және батысеуропалық композиторлардың шығармаларын орындады.
Концертмейстерлер - Альбина Ким және Рахат Мұратәлі.
28 наурыз 2024
«Арнайы фортепиано» кафедрасының оқытушылары концерт берді
«Арнайы фортепиано» кафедрасының оқытушылары концерт берді
2024 жылдың 27 наурызында Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Фортепиано музыкасының концерті өтті. Концертте «Арнайы фортепиано» кафедрасының оқытушылары ҚР Халық артисі, профессор Г.И.Қадырбекова, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Г.Е.Узенбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент, PhD докторы А.А.Тілеубергенова, доцент Б.Б.Айғалқаева, аға оқытушылар А.А.Романенко, И.А.Гавриленко, оқытушылар М.Я.Сепп, Д.К.Тоқмурзиева, М.К.Қабден өнер көрсетті. Концерттік бағдарламада Ф.Мендельсон, И.Брамс, К.Сен-Санс, К.Дебюсси, М.Равель, А.Скрябин және С.Рахманинов шығармалары орындалды.
28 наурыз 2024
«Халық әні» және «Жыршылар» номинациясы бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының жеңімпаздары анықталды
«Халық әні» және «Жыршылар» номинациясы бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

2024 жылдың 26 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында өткізілетін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы «Халық әні» кафедрасының «Халық әні», «Жыршылар» номинациясы бойынша басталды.


27 наурыз 2024
КОНСЕРВАТОРИЯДА XVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ ШЫМЫЛДЫҒЫН АШТЫ
КОНСЕРВАТОРИЯДА XVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ ШЫМЫЛДЫҒЫН АШТЫ
2024 жылдың 26 наурызында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ «Өнер» бағытында 11 білім беру бағдарламасы (19 номинация) бойынша ҚР ҒЖБМ XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының шымылдығын ашты.
27 наурыз 2024
«АҚТҚ инфекциясы және ЖҚТБ алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өтті
«АҚТҚ инфекциясы және ЖҚТБ алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өтті
2024 жылдың 27 наурызында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерттік залында кураторлық сағат аясында өнер-білім ордасының студенттерімен  Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Көбеев Дәурен Асқарұлы мен  АҚТҚ/ЖИТС жаңа психоактивті заттар бойынша кеңесші Мирас Мырзаханның кездесуі өтті
27 наурыз 2024
Студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бойынша инфо-сессия өтті
Студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бойынша инфо-сессия өтті

2024 жылдың 27 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында Халықаралық бөлім қызметкерлері «Академиялық ұтқырлық арқылы музыкалық өнердегі жолың» тақырыбында инфо-сессия өткізді. Іс-шара бірінші және екінші курс студенттеріне арналған кураторлық сағат аясында өтті.

27 наурыз 2024
Консерваторияның 1 және 2 курс студенттеріне арналған Бельгияға Erasmus+
Консерваторияның 1 және 2 курс студенттеріне арналған Бельгияға Erasmus+
Льеж Корольдік консерваториясына / Conservatoire royal de Liège (Льеж, Бельгия) 2024-2025 оқу жылының бір семестр ішінде (2024 қазан айы – 2025 қаңтар айы) оқуға конкурс жарияланады.
27 наурыз 2024