Консерватория жаңалықтары

Абай атындағы ҚазҰОБТ-да докторант Тоғжан Молдалім мен доцент Дамир Уразымбетов (арт-менеджмент кафедрасы) «Қазақ балетіне 89 жыл» арт-альбомын ұсынды. Альбом Қазақстанның музыкалық театрлары мен хореографиялық труппаларында қойылған барлық ұлттық спектакльдердің көріністерін көркем түрде бейнелейді. 65 түрлі-түсті картиналардың суретшісі – Жаннат Баймуханова, кітаптың дизайнері — Гузель Нуримбетова.



2023 жылы 19 қыркүйекте Ұлттық зияткерлік меншік институты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының барлық білім беру деңгейлеріндегі оқытушылар мен білім алушылар үшін «Авторлық құқық және туындыларды патенттеу» тақырыбында семинар өткізді.

2023 жылғы 19 қыркүйекте сағат 14:30-да Ұлттық зияткерлік меншік институты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының барлық білім беру деңгейлеріндегі оқытушылар мен білім алушылар үшін «Авторлық құқық және туындыларды патенттеу» тақырыбында семинар өткізеді.
