Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Кәсіби бағдарлау жұмыстары аясында шеберлік сыныптары өткізілді
Кәсіби бағдарлау жұмыстары аясында шеберлік сыныптары өткізілді
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары Қазақстан Республикасының музыкалық колледждері мен мектептерінде білім алушы балалармен кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді:
16 мамыр 2022
Консерваторияда альт музыкасының концерті өтті
Консерваторияда альт музыкасының концерті өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы Кіші залында альт музыкасының концерті өтті.
16 мамыр 2022
Консерваторияда маусымдағы референдумға қатысты дөңгелек үстел өтті
Консерваторияда маусымдағы референдумға қатысты дөңгелек үстел өтті
Бүгін консерваторияның мәжіліс залында үстіміздегі жылдың 5 маусымында өткелі жатқан жалпыхалықтық референдумға байланысты ақпараттандыру әрі түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Қайырбекова Әлима Ғафуқызы мен гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Мәтжанова Қарлығаш Көкенайқызы дөңгелек үстелге жиналған консерватория ұстаздары мен қызметкерлері алдында саяси науқанға қатысты баяндама жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ көпшілік сұрақтарына жауап берді.
Үштен бірі өзгеріске түскелі отырған жаңа конституциямызда Суперпрезиденттік басқару формасынан парламенті күшті президенттік республика статусына өтпекпіз. Яғни, мемлекет билігі халықтың қолына көшіп, ел үшін өзекті мәселелердің барлығын тек халықпен бірлесе отырып, шешу мүмкіндігі тумақ. Тағы бір үлкен өзгеріс, бүкіл қазба байлықтар мен табиғи ресурстардың иесі халық болып есептелетін болады.
Ендеше бірлігімізді көрсетіп, ел болашағы үшін маңызды науқанға ұйымшылдықпен атсалысайық!
16 мамыр 2022
Профессор Е.Басықараның «Өмір-өнер белестері» атты шығармашылық кеші өтті
Профессор Е.Басықараның «Өмір-өнер белестері» атты шығармашылық кеші өтті
13 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Домбыра» кафедрасының профессоры Ерсайын Бақытұлы Басықараның асқаралы 60 жасқа келуіне, ұзтаздық қызметіне 35 жыл, ал шығармашылығына 40 жыл толуына орай «Өмір-өнер белестері» атты жеке концерті өтті.
14 мамыр 2022
Халықаралық байқаулардың лауреаты, консерватория түлегі Мәдина Әбілдинаның жеке концерті өтті
Халықаралық байқаулардың лауреаты, консерватория түлегі Мәдина Әбілдинаның жеке концерті өтті
12 мамыр күні консерваторияның Шопен атындағы камералық залында Халықаралық байқаулардың лауреаты, Тұңғыш Президент қорының және Е.Серкебаев атындағы қордың стипендия иегері, ұстаз Гүлнар Нұрғалиеваның класында тәлім алған консерватория түлегі Мәдина Әбілдинаның жеке концерті өтті.
13 мамыр 2022
Студенттеріміз «Спорт – денсаулық кепілі» атты футбол жарысына қатысты
Студенттеріміз «Спорт – денсаулық кепілі» атты футбол жарысына қатысты
Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы шаңырағында білім алып жатқан студенттер 9 мамыр Жеңіс күніне орай өткізілген «Спорт – денсаулық кепілі» атты футболдан оныншы қалааралық жарысқа қатысты.
13 мамыр 2022
Консерваторияда «Кәусар» жетігеншілер ансамблінің концерті өтті
Консерваторияда «Кәусар» жетігеншілер ансамблінің концерті өтті
2022 жылдың 11 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы кіші залында «Домбыра» кафедрасының аға оқытушысы, Мәдениет саласының үздігі Жақыпбек Нұргүл Бижанқызы жетекшілік ететін, республикалық және халықаралық сайыстардың жүлдегері  «Кәусар» жетігеншілер ансамблінің «Сезім гүлі» атты лирикалық концерті өтті.
12 мамыр 2022
СТУДЕНТТЕРІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДАН ОЛЖАЛЫ ҚАЙТТЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДАН ОЛЖАЛЫ ҚАЙТТЫ
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» мамандығында білім алып жатқан студенттер Күләш Байсейітованың 110 жылдығына арналған және «World talents» көп жанрлық халықаралық байқауларында бақ сынап, Гран-при жүлдегерлері атанды.
12 мамыр 2022
Маңызды шешім маусымда болмақ
Маңызды шешім маусымда болмақ
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысы осы шешімімен елімізді саяси модернизациялауға түбегейлі кіріскенін көрсетіп, өзі айтқандай «Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан» құру жолындағы ең үлкен қадамды жасауды ұсынып отыр. Халық қалауы бірінші орында тұратын «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы өз нәтижесін беріп, конституциямыздың үштен бір бөлігіне оң өзгерістер енгізілмек. Ендігі міндет – әрбір  елім деген азамат өз ісінде жауапкершілік пен адалдықты ту етіп, «Әділетті Қазақстанды» құруға аянбай атсалысуы қажет. Ел болашағы жарқын болсын!
11 мамыр 2022