Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Консерватория студенті «Art Talents» II Халықаралық байқауында жеңімпаз атанды
Консерватория студенті «Art Talents» II Халықаралық байқауында жеңімпаз атанды
Құрманғазы атындағы ҚҰК «Фортепиано» мамандығының 2-курс студенті Рашид Рахимов (оқытушысы ҚР Халық артисі, профессор Қадырбекова Гүлжәмиля Ихсанқызы) 2022 жылдың 5-10 мамыр аралығында Мәскеу қаласында онлайн форматта өткен «Art Talents» II Халықаралық байқауында I дәрежелі лауреат атағын иеленіп, жеңімпаз атанды.
11 мамыр 2022
Ахмет Жұбанов және Ғазиза Жұбановаға арналған вокалдық музыка кеші өтті
Ахмет Жұбанов және Ғазиза Жұбановаға арналған вокалдық музыка кеші өтті
2022 жылдың 6 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Шопен атындағы камералық залында профессор Авхий Хавлаш класында тәлім алатын 4-курс студенті Нұрбол Артықбаевтың жеке орындауында концертмейстерлер Саяра Сетекова мен Ғимарат Ерназардың және виолончель аспабында орындаушы Нұржан Жүсіптің қатысуымен қазақ кәсіби музыкасының дамуына теңдессіз үлес қосқан тұлғалар – Ахмет Жұбанов және Ғазиза Жұбановаға арналған вокалдық музыка кеші өтті.
7 мамыр 2022
Түлектер 20 жылдан кейін бас қосты
Түлектер 20 жылдан кейін бас қосты
2022 жылдың 6 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2002 жылы бітірген түлектері өздерін қанаттандырған білім ордасында бас қосты. Түлектер атынан сүйікті білім ордасына олар өзіндік сый-сияпаттарын да ала келіпті. Нақтылап айтсақ, консерваторияның «Б» корпусының кіреберісіндегі оң жақ қабырғаға, кім-кімнің де осы оқу ордасында өнер нәріне сусындар сәтін санап, ескертіп тұрар уақыт белгісіндей, үлкен қабырға сағат орнатылды.
7 мамыр 2022
«Ағаш үрмелі аспаптар квинтеті» халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
«Ағаш үрмелі аспаптар квинтеті» халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов жетекшілік ететін «Ағаш үрмелі аспаптар квинтеті» ұжымы Испания елінде өткен «Open Spain» атты халықаралық аспаптық музыка байқауынан жеңіспен оралды.
7 мамыр 2022
Құрметті оқырмандар!
Құрметті оқырмандар!
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «ЖАСА, ЖЕҢІС МӘҢГІЛІК!» атты көрме дайындады.    
6 мамыр 2022
«Толқын сазы» атты хор шығармалары жинағының тұсаукесері өтті
«Толқын сазы» атты хор шығармалары жинағының тұсаукесері өтті
5 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының камералық залында дирижер, композитор, «ҚР Мәдениет саласының үздігі»,  «Дирижирлеу» кафедрасының доценті Ғалымжан Кәрібжанұлы Берекешевтың «Толқын сазы» аралас хорына арналған хор шығармалары Жинағының тұсаукесері болды.
6 мамыр 2022
Консерваторияда «Бос жұмыс орны жәрмеңкесі» атты іс-шара өтті
Консерваторияда «Бос жұмыс орны жәрмеңкесі» атты іс-шара өтті
2022 жылдың 4 мамырында жұмыс берушілерге арналған «Бос жұмыс орны жәрмеңкесі» іс-шарасы ұйымдастырылды.
5 мамыр 2022
Профессор Б.Жаманбаев туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Профессор Б.Жаманбаев туралы кітаптың тұсаукесері өтті
4 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері, А. Байтұрсынұлы атындағы Алтын орденнің иегері, Құрманғазы ат. ҚҰК «Дирижирлеу» кафедрасының меңгерушісі, профессор Базарғали Әжиұлы Жаманбаевтың «Хранитель тайны» атты кітабының тұсауы кесілді.
4 мамыр 2022
Ұлттық өнерді ұлықтаушы Рамазан Өмірәліұлының 55 жасы құтты болсын!
Ұлттық өнерді ұлықтаушы Рамазан Өмірәліұлының 55 жасы құтты болсын!
Ұлттық өнерді насихаттап жүрген дәстүрлі әнші, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында талай жыл жемісті еңбек етіп, қаншама өнерлі шәкірт тәрбиелеп жүрген Рамазан Өмірәліұлы Стамғазиевті ердің жасы елуді еңсеріп, елу бес жасқа келуімен шын жүректен құттықтаймыз!
4 мамыр 2022