Консерватория жаңалықтары
1 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қымбатты достар! 2021 жылдың 1 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының факультет декандары, кафедра меңгерушілері және куратор-эдвайзерлерінің қатысуымен 1 курс студенттерімен онлайн және офлайн форматта кездесулер өтті. Кездесу барысында консерватория ұстаздары студенттерді 2021-2022 оқу жылының басталуымен құттықтап, консерваторияның екі корпусында өтіп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты аралас оқу үлгісінің мән-жайын, биылғы оқыту форматын түсіндірді.
Студенттерге оқу жұмыстарына және кредиттік технологияға қатысты толық ақпарат беріліп, консерваторияның сайты, академиялық күнтізбе, оқу жұмыс жоспары мен басқа да қосымша ақпараттар берілді.
Бірінші курс студенттері «Платонус» автоматтандырылған ақпарат жүйесімен жұмыс істеу әдістерімен танысты. Нақтырақ айтсақ:
- Оқытушылардың пәндеріне тіркелу;
- Тапсырмаларды алу және орындалған жұмыстарды жүктеу әдістері;
- Жеке жоспарларын жасау;
- Академиялық үлгерімінен ақпарат алу және т.б.;
Сонымен қатар, семестраралық бақылаудың және қысқы-жазғы емтихандардың өту үлгісі мен бағалануы, кәсібилікті арттыруға және академиялық ұтқырлықтан өту мүмкіндіктері туралы маңызды ақпараттар да берілді. Оқу барысындағы тәртіп, жатақханада тұру ережелері, кітапхана қорымен дұрыс жұмыс істеу және консерваторияның негізгі құрылымдық бөлімдері жайына сөз қозғалды.
Сондай-ақ, студенттер де өз тараптарынан сұрақтар қойып, топтық сабақтардың өту үлгісі, халық аспаптары оркестрінің, симфониялық оркестрдің және үрмелі оркестр сабақтарының өту үлгісіне қатысты сауалдарына жауап алды.

2 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ 2021

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын арнады.
Президент Жолдауы – еліміздің жыл сайынғы даму стратегиясын айқындап беретін маңызды құжат. Құжатта ең басты міндет – халықтың әл-ауқатын көтеру екені айрықша айтылып, осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар міндеттер белгіленді. Әлемде орын алған пандемия көптеген түйткілді мәселелердің бетін ашып, сондай-ақ жаңа үрдістердің қалыптасуына ықпал етті. Әсіресе білім беру ісіндегі қашықтықтан оқыту мәселелері сала мамандарына жаңа талаптар ғана емес, сонымен қатар мүмкіндіктер де туғызуда.
Мемлекет басшысы жаңа уақыт талаптарына сәйкес еліміздің экономикалық дамуына, өнеркәсіпті күшейтуге, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауылшаруашылығы саласына аса көңіл бөлуге, білім және ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, бизнес және әлеуметтік мәселелер секілді елдегі барлық саланың жұмыстарына қатысты міндеттерді бекітіп берді. Сондай-ақ Президент педагогтардың мәртебесін арттыру, оларды қолдау ісінің жалғаса беретінін және театр, кино, әдебиет, музыка, бейнелеу сияқты өнер салаларында шығармашылықпен айналысатын жастарды қолдау, олардың жаңашыл бағыттағы жұмыстарына тиісті деңгейде баға беріп, сыйлықтар тағайындау, ынталандыру керектігін де назарға алып, тиісті ведомстволарға тапсырды.

1 қыркүйек 2021
Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт рухын ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібеков» атты дөңгелек үстел өтті

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт рухын ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібеков» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері, еліміздің белді қоғам, мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты.
- Өзбекәлі ағамыз XX ғасырдыӊ 70-ші жылдары Кеңес үкіметінің дәуірлеп тұрған уақытында Қожа Ахмет Ясауи кесенесініӊ қайта қалпына келтірілуіне ұйытқы болып, әулие кесенесі негізінде «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің құрылуына орасан зор үлес қосты. Биыл Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан қаласы – Түркі әлемінің рухани астанасы деп жарияланды. Елімізде рухани қазынамызды сақтап, ұрпаққа жеткізуді көздейтін мемлекеттік деңгейдегі түрлі бастамалар тұрақты түрде қабылданып келеді, деді өз сөзінде ведомство басшысы.
Аталмыш жиынға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев қатысып, ұлттық жәдігерлерімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап, болашақ ұрпақ игілігіне жаратуға өлшеусіз үлес қосқан этнограф-ғалым туралы келелі баяндама жасады. Сондай-ақ конференцияға ZOOM платформасы арқылы «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, музыкатанушы-ғалым Айжан Бердібаева да қатысып, «Ө.Жәнібеков еңбектерінің ұлттық музыка мәдениетіндегі орны» тақырыбында өз баяндамасын көпшілік назарына ұсынды.

27 тамыз 2021
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі қаулысы шықты

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 25 тамызындағы №36 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы.
26 тамыз 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫ 2021

Халық санағы 2021 1-қыркүйек пен 15-қазан аралығында онлайн режимде SANAQ.GOV.KZ сайтында өтеді.
24 тамыз 2021
Ректордың ата-аналармен онлайн-кездесуі өтті

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы консерватория студенттері және білім алушылардың ата-аналарымен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді. Оқу ордасындағы төрт факультеттің әрқайсысы бойынша жеке-жеке өткен кездесуде әлемде орын алған пандемия жағдайындағы еліміздегі ахуалға және консерватория ғимараттарында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты оқу үдерісінің жайы қалай болатындығы жөнінде ақпар берілді. Сондай-ақ ата-аналар мен білім алушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
16 тамыз 2021
Композитор, педагог Бахтияр Аманжолов дүниеден озды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, өнертану кандидаты, композитор Аманжолов Бахтияр Тұтқабайұлының мезгілсіз қазаға ұшырауына байланысты консерватория ұжымы туған-туыстарына, дос-жарандарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтады.
16 тамыз 2021
Консерватория ректорының 2-4 курс студенттері және ата-аналарымен кездесуі

13 тамыз 2021
Консерватория ұжымы көңіл айтады!

Көптеген симфониялық, камералық шығармалардың, балалар мен жасөспірімдерге арналған музыканың, әндер мен романстардың авторы, танымал композитор, «Композиторлар және танымал музыка авторларының одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Артық Жарылқасынұлы Тоқсанбаевқа ұлының қайтыс болуына байланысты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы қайғыра көңіл айтады.
Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын!

9 тамыз 2021
Қабылдау 2025