Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Жоғары (музыкалық) білім беру сапасын арттыру: қызметкерлер мен студенттерге арналған вебинар» MusiQuE вебинарына қатысуға шақыру
«Жоғары (музыкалық) білім беру сапасын арттыру: қызметкерлер мен студенттерге арналған вебинар» MusiQuE вебинарына қатысуға шақыру
MusiQuE өзінің алғашқы вебинарында сізбен кездесуді асыға күтеді!
Құрметті әріптестер!
Құрметті ЕКҚ мүшелері!
MusiQuE – Music Quality Enhancement бұл ЕКҚ-ның серіктес ұйымдарының бірі және сізді қызметкерлер мен студенттерге арналған жоғары (музыкалық) білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша алғашқы веб-семинарға қатысуға шақырады. Вебинар 2021 жылдың 23 маусымы, сәрсенбі күні, Орталық Еуропа уақыты бойынша сағат 15:00-ден 16:30-ға дейінгі аралықта (CEST) өтеді.
MusiQuE –Еуропа мен одан тыс жерлердегі жоғары музыкалық білімнің сапасын үнемі жақсартуға, сондай-ақ жоғары музыкалық оқу орындарының жұмыс сапасын жақсартуға көмектесетін, сыртқы бағалаумен айналысатын мамандандырылған орган.
Веб-семинарда алдымен, сапаны қамтамасыз ету мәселесі қарастырылады, осы тұжырымдамаға толық түсініктеме беріледі және еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі осы саладағы негізгі тенденциялар мен негізгі тұлғалар ұсынылады. Содан кейін веб-семинарда MusiQuE осы салада қандай орын алатындығы және біздің ұйым осы салаға қалай үлес қосатынын талқылауға арналған пікірталас жүргізеді.
Осыған орай, MusiQuE төмендегі спикерлерге сөз береді:
Тиа Луккола (Еуропалық Университеттер Қауымдастығының институционалдық даму бөлімінің директоры – EUA);
Мария Кело (Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету қауымдастығының директоры – ENQA);
Мартин Пршал (Гаагадағы корольдік консерватория, MusiQuE-тің бұрынғы төрағасы);
Модератор-Гордон Монро (MusiQuE Төрағасы).
Вебинар басшыларға, студенттерге, сапаны қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын қызметкерлерге және жоғары музыкалық оқу орындарының оқытушыларына арналған. Бұл веб-семинар алдағы бірнеше айда өткізілетін MusiQuE веб-семинарларының алғашқысы болып табылады. Веб-семинарлар сериясы туралы қосымша ақпаратты MusiQuE веб-сайтынан табуға болады.
Вебинарға тіркелу тегін және осы сілтеме арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Тіркелу мерзімі: 2021 жылдың 16 маусымы, сәрсенбі, сағат 18:00-ге CEST дейін.
ТІРКЕЛУ!
MusiQuE сізді өзінің алғашқы вебинарында күтеді! Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, бізге мына мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: MusiQuE поoffice@musique-qe.eu.
Құрметпен,
ЕКҚ командасы.
2 маусым 2021
"Дирижерлеу" мамандығы оқытушыларының назарына!
"Дирижерлеу" мамандығы оқытушыларының назарына!
"Эразмус +" халықаралық бағдарламасы және Вроцлавтағы (Вроцлав қ., Польша) К. Липинский атындағы музыкалық Академиямен ынтымақтастық туралы Келісім аясында, ағымдағы 2020-2021 оқу жылына "Дирижерлеу" мамандығының оқытушылары арасында білім беру жобасына қатысуға конкурс жарияланған болатын.
1 маусым 2021
"Домбыра" мамандығының студенті Әбиділда Мәртебе халықаралық байқауда жеңіске жетті
"Домбыра" мамандығының студенті Әбиділда Мәртебе халықаралық байқауда жеңіске жетті
2020-2021 жыл аралығында "British Council" ұйымының ұйымдастыруымен халықаралық " Creative Spark Bid Idea Challenge" конкурсы өткізілді. Бұл конкурста жаңа идея мен инновациялық жобаларды қолдау үшін әрбір сала бойынша жеңімпазға 2000£ грант тағайындалған болатын. Қазақстанның атынан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы "Домбыра" мамандығының студенті Әбиділда Мәртебе жетекшісі Кешубаева Динара Ермекқызының қолдауымен "More than music" жобасын ұсынып,  Қазақстандық қатысушылар арасында жеңімпаз атанып, аталмыш грантқа ие болды. Студентімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
28 мамыр 2021
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің төрағасы Марат Болысбекұлы консерваториямызға келіп, қызу жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің төрағасы Марат Болысбекұлы консерваториямызға келіп, қызу жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің төрағасы Марат Болысбекұлы келіп, қызу жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Марат Қамзолдаев жөндеу жұмыстарын тексеріп, құрылыс басында шағын жиналыс өткізді. Оған аға техникалық қадағалаушы мен кіші техникалық қадағалаушы, учаске бастығы мен құрылыс жұмыстарына жауапты бас прораб, сондай-ақ, консерватория қызметкерлерінен бас инженер Амангелді Қабиден қатысты. Жиналыс барысында Марат Болысбекұлы күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижелеріне көңілі толатындығын айтып, оң бағасын берді.
28 мамыр 2021
Консерватория профессоры халықаралық байқауларда төрелік жасады
Консерватория профессоры халықаралық байқауларда төрелік жасады
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Басықара Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігіне қарасты «А.К.Глазунов атындағы Петрозаводск Мемлекеттік консерваториясы» ұйымдастырған Халықаралық байқауда қазылар алқасының құрамында болды. А.А.Репников атындағы «Солтүстік кубогында» халық аспаптарында орындаушылар бақ сынасқан. Ерсайын Бақытұлының жеңімпаздарды анықтау барысында жоғары кәсіби жұмысын ескере отырып, А.К.Глазунов атындағы Петрозаводск Мемлекеттік консерваториясының ректоры Алексей Александрович Кубышкин алғыс хатпен марапаттады.
Профессорымызды Беларусь Республикасы да құр қол қайтармады. «Староборисовка балалар өнер мектебі» ММ мен «Каралі» Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әуесқой ұжымы өткізген ІІІ Халықаралық «Туған жердің шабыты» вокалдық әрі аспаптық шығармашылық фестиваль-байқауында Ерсайын Бахытұлына мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі мен белсенділігі үшін алғыс хат табысталды. Алғыс хатты Халықаралық байқаудың директоры Елена Николаевна Любовникова табыстаған.
Алғыс хат иесіне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы да ризашылығын білдіреді. Оқу ордасының атын Халықаралық ареналарда танытып, музыка өнерінің өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген әріптесіміздің еңбегі әрдайым бағаланып, мерейі өсе берсін!
28 мамыр 2021
Түлектерге!
Түлектерге!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-сі 2021 жылғы түлектерді 2-маусым 2021ж. сағат 15.00-де «Қаржы орталығы» АҚ менеджерлерінің қатысуымен өтетін онлайн іс-шараға қатысуға шақырады.

Бұл іс-шарада оқу бітіретін түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі көтеріледі. Құрметті 4 курс студенттері аталған іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, толықтай қатысуларыңызды сұраймыз.
28 мамыр 2021
Консерватория және ГИТИС өзара ынтымақтастық келісімге қол жеткізді
Консерватория және ГИТИС өзара ынтымақтастық келісімге қол жеткізді
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Солтүстік көрші елден келген қонақтарымыз, Ресей театр өнері институты басшылығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бастаған Қазақстандағы белді шығармашылық жоғары оқу орындарының басшылары және басқа да өнер ұжымдары өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуәлиев, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Айболат Жаудыр және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басқа да өкілдері қатысқан кездесуде Ресейлік әріптестермен жан-жақты пікір алмасып, өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында атқарылатын шаралар жөнінде кеңінен талқыланды.
Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы 1994-жылдың 28 наурыздағы мәдениет, ғылым және білім саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасының негізінде «Ресей театр өнері институты – ГИТИС» және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі арасында білім беру және мәдени ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды.
Келісім мақсаты:
-    Бірлескен білім беру жобаларын жүргізу және орындау;
-    Бірлескен шығармашылық жобаларды жүргізу және орындау;
-    Бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу және орындау;
-    Екі тарап қызметкерлері, профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттері мен білім алушылары арасында тәжірибе алмасу;
-    Академиялық ұтқырлық шеңберінде оқытушылар, докторанттар, магистранттар үшін ғылыми тағылымдама жобаларын жүзеге асыру,
тағы да басқа жобалар. Сондай-ақ, келісім аясында консерватория қабырғасында «Музыкалық театр режиссурасы» мамандығын ашу жоспарланып отыр. Консерватория ректоры Арман Әділханұлы Ресей театр өнері институтының (ГИТИС) ректоры  Григорий Анатольевич Заславскийдің өзара қарым-қатынасты нығайтуға деген ықыласы мен ашық көңіліне өз ризашылығын білдірді.


27 мамыр 2021
Консерватория студентері «IQ Almaty» студенттер мен оқушылар арасындағы зияткерлік сайысына қатысты
Консерватория студентері «IQ Almaty» студенттер мен оқушылар арасындағы зияткерлік сайысына қатысты
Қымбатты достар! Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы телеарнасының бірлесіп ұйымдастырған тележобасы «IQ Almaty» студенттер мен оқушылар арасындағы зияткерлік сайысына қатысты. Консерваториядан құрылған топқа «Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімінің» аға менеджері Мадалиев Ержігіт Нұралыұлы жетекшілік етті.
Консерваториямыздың намысын қорғаған "Музыканттар" тобы құрамында Асанбаева Айдана, Шарапи Абылай, Ғимарат Ерназар, Қазкенов Дастан, Шарипова Қарлығаш және Қайыржанова Гүлбағым болды. Біздің студенттер аталмыш сайысқа қатысып қана қоймай, ақтық мәреге дейін жеткен. Зияткерлік сайыстың қалай өткенін алдағы уақытта Almaty телеарнасының эфирінен көре аласыздар.
24 мамыр 2021
Әріптестеріміз кәсіби мерекеде марапат иелері атанды
Әріптестеріміз кәсіби мерекеде марапат иелері атанды
Бүгін 21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет Грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттарды консерватория ректоры Арман Жүдебаев табыстады.

Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру қызметінің басшысы Алмагүл Сарымсақова, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, доцент, философия ғылымдарының докторы Әлима Қайырбекова, «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті Роза Тәкежанова, «Вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Адалят Юсупова, «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы Эльза Қарабалина «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері атанды.

Мәдениет және өнер саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Тамара Сатыбалдина, «Дирижерлеу» кафедрасының доценті Паиза Негманова, «Ансамбль өнері» кафедрасының доценті Гүлбадам Бакиева, «Домбыра» кафедрасының аға оқытушысы Баян Игілік Құрмет Грамоталарымен, ал «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Тоғжан Оспанова,  «Қобыз және баян» кафедрасының аға оқытушысы Әйгерім Қарсақбаева, «Вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Манарбек Жәлімбетов, «Жалпы фортепиано» кафедрасының аға оқытушысы Ләйлә Жангалина  21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай және еліміздің әлеуметтік-мәдени саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хаттарымен марапатталды.

Әріптестерімізді бүгінгі мерекелерімен және қуанышты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз.
21 мамыр 2021