Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Еуропа-Азия» пианиношылардың І Халықаралық байқауы өтеді
«Еуропа-Азия» пианиношылардың І Халықаралық байқауы өтеді
2021 жылдың 29-31 наурызы аралығында «Еуропа-Азия» пианиношыларының І Халықаралық байқауы өтеді. Ұйымдастырушы – «Загир Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институты» жоғары білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің арнайы фортепиано кафедрасы.
21 қаңтар 2021
Жатақханадағы 1 курс студенттерімен онлайн жиналыс өтті.
Жатақханадағы 1 курс студенттерімен онлайн жиналыс өтті.
Ағымдағы жылдың 15 қаңтарыңда ZOOM платформасы арқылы Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры м.о.  М.Ешмұхановтың ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған  онлайн жиналыс өтті.
Аталмыш жиналыста проректор 1 курс студенттеріне жатақхана ережелері мен тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттер жатақханасының ішкі тәртіп ережелері мынадай құжаттар негізінде әзірленген:
•    Қазақстан Республикасында заңнамалық статусы бар құқықтық-нормативтік актілерге негізделген нормативтік құжаттары, ұлттық, ведомстволық және салалық стандарттар, жоғары тұрған органдардың талаптары;
•    Басқару жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ISO (International Organization for Standardization) Халықаралық стандарттарына сәйкес басқару сапасының менеджменті және консерваторияда енгізілген басқа да жүйелер;
•    Жалпы консерватория қызметін айқындайтын ішкі нормативтік құжаттар.
Бұл ережелер жатақхана тұрғындарының әрбірі орындауға міндетті консерваторияның арнайы нормативтік актісі болып саналады.
Жиналыс барысында консерваториямыздың Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры м.о.  М.Ешмұханов студенттерге жатақхананың жұмыс істеу тәртібі, өзін-өзі басқару органдары, студенттер жатақханасынан шығару себептері мен реті және пандемия кезіндегі тәртіп туралы сөз қозғады. Ал жатақхана тұрғындары да өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды.
16 қаңтар 2021
Жас таланттар мен әлемге әйгілі профессорлар Мальтадағы 2021 классикалық музыка академиясында кездеседі
Жас таланттар мен әлемге әйгілі профессорлар Мальтадағы 2021 классикалық музыка академиясында кездеседі
InClassica халықаралық музыкалық фестивалі аясында Мальта классикалық музыка академиясы 2021 жылдың  17 сәуірі мен 11 мамыры аралығында Мальтада өтеді.
15 қаңтар 2021
Консерватория ректоры Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды!
Консерватория ректоры Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды!
Қымбатты достар! «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңес бюросының шешімімен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 112-бабының 1-тармағына сәйкес құрамында 29 кандидат бар тізім бекітілді. Аталған тізім бойынша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу» деп атап өткен болатын. Өмір бір орында тұрмайды. Қазіргі таңда елімізде жаңаша ойлайтын, жаңа заманның талаптарына ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай бейімделе алатын қоғам қалыптастыру керектігі өзекті мәселе болып тұр деп есептеймін. Бұл тұрғыда білім мен өнер, мәдени құндылықтар бірінші орынға шығады. Республикамыздағы тарихы терең, маңдайалды жоғары оқу орындары шоғырланған, өнер мен мәдениет орталығына, жастар қаласына айналған, ең ірі мегаполисіміз – Алматы шаһарының жан-жақты дамуына, әсіресе өнер-білім жүйесі мен мәдениет саласынының уақыт талабына сай өркендеуіне мейлінше күш салғанымыз жөн, - деді сөзінде ректор Арман Жүдебаев.
Арман Әділханұлы кәсіби біліктілігі мен еңбекқорлығының арқасында жас та болса көп биіктерді бағындырып, қазіргі таңда ұлттық музыка өнеріміздің қарашаңырағы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын басқарып отыр. Дарынды күйші, дирижер ретінде халық сүйіспеншілігіне бөленген майталман өнерпаз, соңғы жылдары білікті басшы ретінде консерватория ұжымы алдында өзінің тиянақтылығы, жауапкершілігі және басшыға тән талапшылдығымен жоғары беделге ие болып отыр.
Консерватория ұжымы Арман Әділханұлын құттықтай отырып, депутаттық қызметінде сәттілік тілейді.
15 қаңтар 2021
Ұлттық театрға 95 жыл
Ұлттық театрға 95 жыл
2020 жылдың 13 қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының құрылғанына 95 жыл толуына және "Ұлттық" мәртебесі берілуіне арналған мерекелік іс-шараға қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен іс-шараға ведомства басшысы Ақтоты Райымқұлова, «Ұлттық» мәртебесін иеленген М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық артисі – А.Әшімов; М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Е.Жуасбек; Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – А.Қалиева; М.Ю.Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының директоры – А.Якушев; Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры – М.Қуанышев; ҚР Ұлттық кітапханасының директоры – Б.Оспанова қатысты.

Арман Әділханұлы қарашаңырақты 95 жылдық мерейтойымен құттықтап, консерватория ұжымы атынан құттықтау хатын табыстады.
14 қаңтар 2021
«Sanaly urpaq» РЖК жетекшісі Қ.А.Тоқышевтың қатысуымен онлайн жиналыс өтті
«Sanaly urpaq» РЖК жетекшісі Қ.А.Тоқышевтың қатысуымен онлайн жиналыс өтті
2020 жылдың 30 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ZOOM платформасы арқылы онлайн жиналыс өтті. Шараға «Sanaly urpaq» Республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлы және консерваторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. Жиын модераторы кеңес жетекшісі, «Жалпы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі Олексенко И.В. болды.
    Жиналыста ISO 37001 халықаралық стандарты талаптары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің халықаралық сертификаттау жобасы жөнінде талқыланды. Қайыржан Ахметбекұлы консерватория басшылығының бұл бағыттағы жұмыс нәтижелеріне жоғары баға берді.
31 желтоқсан 2020
Елбасы Н.Ә.Назарбаев консерватория ректорын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Елбасы Н.Ә.Назарбаев консерватория ректорын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев консерватория ректоры Арман Әділханұлын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
29 желтоқсан 2020
Консерватория ұстаздарын құттықтаймыз!
Консерватория ұстаздарын құттықтаймыз!
Қымбатты достар! Қазақстан халқы ассамблеясы – тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысы. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған ұйым бүгінге дейін көптеген игі істердің бастамашысы да болып келеді. Қазақстан бірлігінің моделін қалыптастыруда маңызды рөл атқарған ассамблеяның құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін консерваториямыздың «Халық әні» кафедрасының ұстаздары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Еркін Шүкіманов пен Ұлжан Байбосынова "Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл" мерекелік төсбелгісіне ие болды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Жәмеңкеев Ержан Ерболатұлы, Мәтжанова Қарлығаш Көкенайқызы, Романенко Александр Александрович, Сүлеева Гүлжан Созақбайқызы және Оспанова Тоғжан Өмірзаққызына Құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ министрдің арнайы Алғыс хатымен ҚР жоғары білім беру жүйесінде жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін Аденова Алтынай Күмісбекқызы, Гавриленко Ирина Анатольевна, Далбағай Гүлфайруз Есімханқызы, Нуридин Нұрасыл Нуридинұлы мен Чалова Оксана Викторовна марапатталды.
Консерватория ұстаздарын аталмыш марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
25 желтоқсан 2020