Консерватория жаңалықтары
«Өнер» мамандықтары бойынша өткен Республикалық оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қазіргі заманғы шығармашылық білім берудіңөзекті мәселелер талқыланды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 2018 жылдың 8 қараша күні ҚР БжҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Оқу-әдістемелік бірлестігі (ОӘБ) «Өнер» тобының «Музыкатану» «Аспаптық орындаушылық», «Вокалдық өнер», «Дәстүрлі музыкалық өнер» «Дирижерлау» және «Арт-менеджмент» мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес (РОӘК) мәжілісі болып өтті.
Аталған мәжіліске Қазақ ұлттық өнер университетінен, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясынан, А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен мүшелер қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясынан, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрынан, П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінен, К.Байсейітова музыкалық мектебінен келген өкілдер де жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу қиындықтары туралы өз ойларын білдірді.
«Болашақта жалпы жоғары оқу орындарында білім саласында үлкен өзгерістер күтілуде. Осы орайда ҚР жоғары білімін реформалау бағытында болашақ музыкант мамандарды оқыту үрдісін басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын өнер саласындағы мамандар арқылы шешу қажет. Тиімді білім беру үрдісіне бүгінгі күн тұрғысынан сараптама жасау да маңызды болып табылады», -деген консерватория ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері А.Жүдебаев мәжілістің өту барысын айқындады.
Мәжілісте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, профессор, өнертану ғылымдарының кандидаты Г.Б. Әбдірахман Білім беру үрдісін жаңғырту жағдайындағы шығармашылық жоғары оқу орындары туралы баяндама жасаса, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, доцент (PhD), өнертану ғылымдарының кандидаты Ғ.З.Бегембетова бітірушілерді жұмысқа орналастырудың заманауи тәсілдері туралы ойын ортаға салды. Сол сияқты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халықаралық бөлім жетекшісі Ж.Р. Абдухалықбаяндаған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асырудағы мәселелер және оны шешу жолдары да назардан тыс қалған жоқ.
Мәжіліс соңында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жан-жақтан келген мәжіліс мүшелері білім беру үрдісінде орын алып жатқан жаңа өзгерістер, музыкалық білім берудің даму бағыты жайында өз пікірлерін білдіріп, дөңгелек үстелді қорытындылады.

9 қараша 2018
А. Жүдебаев Алматыдағы Қытай Халық Республикасының консулы Ван Цинпинмен кездесті.

2018 жылдың 7 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры А. Жүдебаев Алматыдағы Қытай Халық Республикасы елшілігінің мәдениет және туризм ісі жөніндегі консулы Ван Цинпинмен кездесті. Кездесуде консул осы жылдың 23 қарашасында Қытай музыканттар одағының өкілі бастаған 6 музыканттан тұратын делегация консерваторияға келуге ниетті екенін жеткізді. Олар «Қытай классикалық музыкасы» тақырыбында қытай мәдениеті туралы лекция ұйымдастырмақ. Арман Әділханұлы Ван Цинпинға іс-шараны консерватория қабырғасында ұйымдастыруды қолдайтынын білдірді.
8 қараша 2018
8 қараша күні «Өнер» мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес мәжілісі өтеді

2018 жылдың 8 қараша күні сағат 10.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Конференция залында ҚР БжҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Оқу-әдістемелік бірлестігі (ОӘБ) «Өнер» тобының «Музыкатану», «Аспаптық орындаушылық», «Вокалдық өнер», «Дәстүрлі музыкалық өнер», «Дирижерлеу» және «Арт-менеджмент» мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес (РОӘК) мәжілісі өтеді.
Мәжіліс барысында Білім беру үрдісін жаңғырту жағдайындағы шығармашылық жоғары оқу орындарының маңызы, бітірушілерді жұмысқа орналастырудың заманауи тәсілдері, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асырудағы мәселелер және оны шешу жолдары, музыкалық өнер саласында заманауи білім берудің өзекті мәселелері қаралады деп жоспарлануда.
Кеңес құрамында 41 адам болса, консерватория бойынша 20 профессор, оқытушы, өзге 9 жоғары оқу орнынан 17 мүше, жұмыс беруші ұйымдардан 4 өкіл қатысады. Атап айтқанда А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен, Қазақ ұлттық өнер университетінен, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінен профессор, оқытушылар қатыспақ. Сонымен қатар жұмыс беруші ұйымдар мен мекемелерден: Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясынан, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрынан, П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінен, К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебінен өкілдер келмек.

7 қараша 2018
«Бабадан аманат» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 2018 жылы 13-14 қарашакүндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Бабадан аманат»дәстүрлі музыка фестивалін өткізгелі отыр. Фестиваль аясында «Дәстүрлі музыка: тарих және теория мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылмақ.
Фестивальға Қажыбек Бекбосынов, Сержан Шәкірат, Алмас Алматов, Қатимолла Бердіғалиев, Айтжан Тоқтаған, Абдулхамит Райымбергенов, Секен Тұрысбеков, Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова сынды көпшілікке белгілі өнер майталмандары қатысады.
ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ:
Құрманғазы атындағы ҚҰК үлкен концерт залы, мәжіліс залы (Абылай хан даңғ. 90)
2018 ж.13-қараша:
09.00-10.00 конференция қонақтарын тіркеу (үлкен концерт залының фойесі),
10:00 фестивальдің ашылу салтанаты (үлкен концерт залы),
11:00 пленарлық отырыс (мәжіліс залы «А» корпусы),
14.00-17.00 секциялық отырыс (№1-секция мәжіліс залы «А» корпусы, №2-секция 212-аудитория «Б» корпусы),
19:00 «Дәстүрлі музыка кеші» (үлкен концерт залы),
14-қараша:
10.00-12.30 П.И. Чайковский атындағы ММК профессоры В.Н. Юнусованың шеберлік-сыныбы (мәжіліс залы «А» корпусы),
19.00 фестивальдің жабылуы «Дәстүрлі музыка кеші» (үлкен концерт залы).
БАЙЛАНЫС:
Ғылым бөлімі:тел. +7(727) 261-63-64
e-mail: knk.nauka@gmail.com
Концерттік бөлім: тел. 8 707 590 6020
e-mail: ainura_83@mail.ru
БАҚ-пен жұмыс жасау бөлімі:
тел. 8 (727)261 07 12, +7 747 2339976 (WhatsApp), 8 778 447 12 51
e-mail: konser.2018@mail.ru

«Әминә Өмірзақованың 100 жылдығы» ЮНЕСКО көлемінде тойланады

05 қараша, 2018. Астана. Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр сахнасының алыбы – Әминә Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай, 2019 жыл: актрисаның мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде тойлау жобасына енді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ел тарихында тұңғыш рет театр және кино саласы артисінің атына арнап, ЮНЕСКО көлемінде тойлау, еске алу шаралары өтеді.

Сахна сайыпқыраны, экран алыбы Әминә Ерқожақызы 1949 жылдан өмірінің соңына (26.09.2006 ж.) дейін, жарты ғасырдан астам Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті. Көптеген кинофильмдер мен театр қойылымдарындағы талғампаз бейнелері арқылы, Халық қалаулысына, Ел ардағына айналған, Ұлттық өнерімізде есімі ел есінде жатталған – Әминә Өмірзақованың туғанына 2019 жылдың 8 наурызында 100 жыл толады.

Актриса Өмірзақова Әминә Ерқожақызының 100 жылдығының ЮНЕСКО көлемінде тойлануы жөніндегі игі бастама – Ұлттық өнеріміздің жарық жұлдызы құрметіне жасалған мәңгілік ескерткіш деп білеміз...

Әминә Өмірзақова 1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының Абай ауданында өмірге келген.

Ол 1938 жылы Ленинград қаласындағы Театр институтын бітіреді де, өнердегі алғашқы еңбек жолын Шымкент облыстық драма театрына жолдамамен қызметке келуден бастайды.

Ә. Өмірзақова қазақ театр сахнасында 68 жыл бойы қызмет етті. Ол сол уақыт ішінде 150-дей рөлдерді сомдады.

Әминә Өмірзақованың кино саласына сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Ол түскен 20 шақты кинофильм қазақ жұртына кеңінен таныс.

Театр мен кино өнерінің танымал тұлғасы – Әминә Ерқожақызы әр жылдары төмендегідей марапаттарды иеленген:

1961 жылы ,,Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі;

1965 жылы ,,Қазақ ССР-інің халық артисі,, құрметті атақтарымен,

1966 жылы ,,Қазақ ССР Жоғарғы советінің құрмет грамотасымен;

1966 жылы ,,Еңбек ерлігі үшін,, , ,,Еңбек ардагері,, медалімен,

және, 2001 жылы ,,Отан,, құрметті орденімен марапатталған.

Әминә Ерқожақызы Өмірзақова 2006 жылдың 26 қыркүйегінде өмірден озды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің

Баспасөз қызметі

6 қараша 2018
«Тіл-қазына» республикалық ақпараттық танымдық газеті көпшілікке таныстырылды

2 қараша, 2018 жыл. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Til-Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жаңа «Тіл-қазына» республикалық ақпараттық танымдық газетін көпшілікке таныстырды. Ресми шараны Мәдениет және спорт министрі
Арыстанбек Мұхамедиұлы ашты.
Арыстанбек Мұхамедиұлы ашты.
2 қараша 2018
12 магистрантымыз Бакуден оралды

Ағымдағы оқу жылында ғылыми тағылымдамадан өту үшін, Әзірбайжан Ұлттық консерваториясымың ректоры Сиявуш Керими Ашрафоглымен 2017 жылдың 02 қазанынан бастап жасасқан ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес (мерзімі - 5 жыл), 07.10-дан 17.10.20-ге дейін (10 күн) келесі мамандықтар бойынша 12 магистрант Бакуде болып қайтты:
6М040200 - Аспаптық орындау (фортепиано);
6М040400 - Дәстүрлі музыка өнері (домбыра, прима домбыра, баян)
6М040300 - Вокалдық өнер;
6M041100 - Композиция;

1 қараша 2018
Халықаралық жоба аясында біздің магистранттарымыз Баку және Тбилиси қалаларында өткен студенттік концертке қатысты

2018 жылдың 14 – 26 қазан аралығында «Музыка және орындаушылық саласындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу қауымдастығы/Music and Artistic Research Knowledge Network Eurasia» халықаралық жоба аясында Баку музыкалық академиясы (Әзірбайжан) және Вано Сарайшвили атындағы Тбилиси мемлекеттік консерваториясында (Грузия) өткен концертке біздің магистранттарымыз Максимов Максим және Шілдебаева Айдана қатысты.
Концерттер түрлі елдер мен дәуірлердің композиторларының шығармаларынан тұрды. Біздің орындаушылар тыңдармандарды Қазақстанның музыкалық академиялық және халық шығармашылығымен таныстырды. Сонымен қатар, концертке Әзербайжан, Грузия және Норвегия студенттері қатысты. Барлық концерттер жоғары деңгейде өтті.
Аталған жоба аясында 2019 жылдың көктемінде Алматы және Берген (Норвегия) қалаларында концерттер жоспарлануда.

31 қазан 2018
«Қазақстан және Италия музыкасы» жобасы аясында консерваторияның үлкен концерт залында екі концерт өтті

2018 жылдың 24-25 қазан күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Ч.Поллини атындағы Падуан консерваториясының бірлескен «Қазақстан және Италия музыкасы» жобасы аясында консерваторияның үлкен концерт залында екі концерт өтті.
Ансамбльдік музыка концерті бағдарламасында орындалған шығармалар:
- Дж. Россини«Вильгельм Телль» операсына увертюра
- Дж. Россини«Семирамида»операсына увертюра
- Дж. РоссиниSinfonia«Tancredi»
- Дж. Россини«Севильский цирюльник»операсына увертюра
- Н.Тілендиев«Аққу»
- Ықылас«Жезкиік»
- Бауыржан«Көктем сазы»
- Қ. Ахмедияров«Күткенде»
- Халық әні«Балапанқаз»
- Зәйіт Асқар«Үштеке»
- Халық әні«Қарғаш-ай»
- А.Хачатурян«Лезгинка»
Оркестрлік музыка концерті бағдарламасында орындалған шығармалар:
- Дж.ВердиМи минорквартеті
- А. Вивальди Фаготпен оркестрге арналған концерт RV 498 A minor F. VIII n° 2
- Түркеш«Көңілашар»
- Құрманғазы«Серпер»
- Е.Үсенов«Күзгіәуен»
- С.Мұхамеджанов«Балқадиша»
- Н.Тілендиев«Көшкеруен»
- Н.Тілендиев«Махамбет»
- Күйтартыс

30 қазан 2018
Қабылдау 2025