Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Жүлдегер студенттерімізді құттықтаймыз!
Жүлдегер студенттерімізді құттықтаймыз!
2018 жылдың 25-30 қыркүйегі аралығында Италияның Ланчано қаласында өткен «Lanciano Prize» халықаралық байқауында 2 курс студенті Дәулетхан Мәди Сырымұлын жеңісімен құттықтаймыз! Сол рухта жалғастыра беруіңе және осы жеңіс барлық жеңістердің  бастамасы болуына тілектеспіз. Алдағы уакытта барлық күш-жігеріңіз бен еңбегіңіздің арқасында сізді жүлделі орындарға және лайықты марапаттарға ие болады деген үміттеміз. Сондай-ақ, тәлімгері Гайсин Анатолий Мубаракияновичке алғыс білдіреміз!

Алматы қаласында өткен «Алматы жүрегімде» атты
XI Республикалық  байқауының «Академиялық вокал» номинациясы бойынша бас жүлде иегері  2 курс студенті Амангелдиева Назымды жеңісімен құттықтаймыз!Қол жеткізген жетістіктеріңізде тоқтамауға және бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіңізге шын жүректен тілектеспіз!
Сондай-ақ, тәлімгері Смайлова Торғын Абибуллақызына да алғыс білдіреміз!
16 қазан 2018
Құрманғазы атындағы ҚҰК-сы Ректорат кеңес мүшелеріне
Құрманғазы атындағы ҚҰК-сы Ректорат кеңес мүшелеріне
2018 жылдың 29 қазанында сағат 10.00-де конференц-залда (103 ауд.) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ректорат мәжілісі өтеді.  

Күн тәртібінде:

1.    2018 ж. Университет түлектерін жұмысқа орналастыру нәтижелері туралы (декандар);

2.    Ақылы негізде оқитын студенттердің оқу ақысын төлеу туралы шарттың міндеттерін орындау туралы (бас бухгалтер, декандар);


3.    ПОҚ-тың атқарушы еңбек тәртібін тексеру туралы жиынтық мәліметтері (қыркүйек-қазан) (кадрларбөлімі);

16 қазан 2018
Нұрғиса Тілендиевтің дүниеден озғанына 20 жыл
Нұрғиса Тілендиевтің дүниеден озғанына 20 жыл
Бүгін күйші, композитор, дирижер, КСРО халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің дүниеден озғанына 20 жыл болды. 
15 қазан 2018
Құрманғазы мұрасын кейінгі ұрпаққа ұлықтау парыз
Құрманғазы  мұрасын  кейінгі ұрпаққа ұлықтау парыз
Халқымыз үшін күй мен Құрманғазы есімі бір-бірімен астасып кеткен ұғым. Құрманғазы ұлтымызға, елімізге ортақ, адамзат мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырған тұлға. Қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның 2018-2019 жылдары атаулы күндер күнтізбесіне  енгізілді. Елімізде А. Жұбановтың Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Құрманғазы» (1968) еңбегі мен «Ғасырлар пернесі» (1975) атты кітабында көрсеткен 1818 жылы дүниеге келгені туралы жазылған дерек негізінде тұлғаның 200 жылдығы аталып өтуде.  2018 жылы 11-қазанда ұлы күйшінің осы мерейтойына орай шығармашылығын зерттеу әрі насихаттау мақсатында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Құрманғазы мұрасы және оның Қазақстанның заманауи мәдениетіне әсері» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
15 қазан 2018
Халықаралық жоба аясындағы концертке біздің магистранттарымыз қатыспақ
Халықаралық жоба аясындағы концертке біздің магистранттарымыз қатыспақ
Ағымдағы жылдың 17 - 23 қазан аралығында Баку музыкалық академиясы (Әзірбайжан) және Вано Сараджишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік консерваториясында (Грузия) «Музыка және орындаушылық саласындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу қауымдастығы/Music and Artistic Research Knowledge Network Eurasia CPEA-LT-2016/10082» халықаралық жоба аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2 курс магистранттарының қатысуымен студенттік концерт жоспарланып отыр. Концертке жоғарыда аталған әріптес ЖОО-ның магистранттары мен Норвегиялық Берген университетінің студенттері мен үйлестірушілері қатысады.
Біздің магистранттармыз Максим мен Айданаға сәттілік тілейміз!
15 қазан 2018
«Құрманғазы мұрасы және оның Қазақстанның заманауи мәдениетіне әсері» атты дөңгелек үстел отырысы өтті
«Құрманғазы мұрасы және оның Қазақстанның заманауи мәдениетіне әсері» атты дөңгелек үстел отырысы өтті
2018 жылдың 11 қазанында қазақтың аса көрнекті күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының камералық залында «Құрманғазы мұрасы және оның Қазақстанның заманауи мәдениетіне әсері» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
    Жиынға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен бірқатар БАҚ-ның өкілдері,  белгілі ғалымдар, Астана, Атырау және Орал қалаларынан келген арнайы қонақтар қатысты.
13 қазан 2018
Студентіміз халықаралық байқауда жүлдегер атанды
Студентіміз халықаралық байқауда жүлдегер атанды
2018 жылдың 27 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында Италияда өткен «Palma d'Oro» атты халықаралық пианистер байқауында, «SEZIONE PIANOFORTE» номинациясы бойынша 3 курс студенті Асем Закирова дипломант атанды.Ұстазы – ҚР халық артисі, профессор Г.И. Қадырбекова. 

 

12 қазан 2018
Норвегиялық Берген университетінің магистранты Тур Хальвор Страуме келді.
Норвегиялық Берген университетінің магистранты Тур Хальвор Страуме келді.
«Музыка және орындаушылық саласындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу қауымдастығы/Music and Artistic Research Knowledge Network Eurasia CPEA-LT-2016/10082» бағдарламасы аясында 2018 жылы қазан айының  8-14 аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына Норвегиялық Берген университетінің 2-ші оқу жылының магистранты Тур Хальвор Страуме/Thor Halvor Straume келді. Магистранттың келу мақсаты жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында тәжірибе алмасып, фортепиано мамандығы бойынша дәрістерге,  шеберлік-сыныптары мен концерттерге қатысу.
12 қазан 2018
«Ресей халықтарының және ТМД елдерінің фольклоры және музыкалық мәдениеті» Халықаралық конгресіне консерваториядан баяндамашылар қабылданды.
«Ресей халықтарының және ТМД елдерінің фольклоры және музыкалық мәдениеті» Халықаралық конгресіне консерваториядан баяндамашылар қабылданды.
Санкт-Петербург қаласындағы Ресей  өнер тарихы институтының фольклор бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 29 қазан - 2 қараша аралығында өтетін «Ресей халықтарының және ТМД елдерінің фольклоры және музыкалық мәдениеті» Халықаралық конгресі өтпек. Бағдарламаға «Музыкатану» мамандығы бойынша 1-курс магистранты Мухамбетжанов Шерханның «Творчество кюйши Айтбая Муздаханова в контексте казахских инструментальных традиций Торгая (по материалам фольклорной экспедиции 2015 г.)» және «Музыкатану» мамандығы бойынша 4-курс студенті Бекен Аиданың  «О преемственности домбровой традиции: От деда к «внуку» (на примере творческой деятельности Ергали Есжанова)» атты баяндамалары қабылданған.
11 қазан 2018