Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Петербургские напевы» атты хор музыкасының концерті өтті
«Петербургские напевы» атты хор музыкасының концерті өтті
2018 жылдың 27 қарашасында шығармашыл жастардың «Жаstar» халықаралық фестивалі аясында консерваторияның үлкен концерт залында «Петербургские напевы» атты хор музыкасының концерті өтті.
29 қазан 2018
Оқуда табыс тілейміз!
Оқуда табыс тілейміз!

ВИГО консерваториясына (Виго қ-сы., Испания) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Ішекті аспаптар» мамандығы бойынша аспаптық орындаушылық факультетінің 2-3 курс студенттері Жамбылбай С., Ыдырысова Ұ., Кали К. академиялық ұтқырлық шеңберінде (29.10.2018 ж. – 28.01.2019ж. аралығында семестрлік білім алуға) оқуға жіберілді.

29 қазан 2018
Таңатар НҰРАЛЫ ағамызды 80 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Таңатар НҰРАЛЫ ағамызды 80 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Таңатар НҰРАЛЫ ағамызды 80 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Таңатар Қоңырұлы 50 жылдан аса ғұмырын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында шәкірт тәрбиелеу ісіне арнап, талай кәсіби музыканттарды баптап, өнерде де, өмірде де өз орнын табуына зор үлес қосқан ұлағатты ұстаз.
26 қазан 2018
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауын талқылау
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауын талқылау
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын қолдау және үгіт-насихат жүргізу мақсатында ректор А.Жүдебаев, «Нұр Отан» партиясы өкілі және консерватория қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
22 қазан 2018
«Студенттердің 100 үздік идеясы» атты республикалық конкурс өтпек

''Ел-шежіре'' қоғамдық қоры өзінің 100idea.kz сайтында ҚР Білім және ғылым министрлігінің тікелей бастамасымен өтіп жатқан ''Студенттердің 100 үздік идеясы'' атты республикалық конкурсқа материалдар қабылдап жатқаны туралы хабарлайды.

         Өтінімдерді соңғы қабылдау уақыты – 2018 жылдың 5 желтоқсаны.

22 қазан 2018
Консерватория ректоры №83 гимназия оқушыларымен кездесті.
Консерватория ректоры №83 гимназия оқушыларымен кездесті.
Алматы қаласы Білім басқармасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім »жобасын ілгерлету жөніндегі жол картасының Алматы қаласының іс-шаралар жоспары бойынша  №83 гимназияның музыка бөлімінің домбыра сыныбында оқитын 8 «Ә» сынып оқушыларын бастап келген мектеп директорының орынбасары Л.В.Солодникова және «домбыра» сыныбы бойынша ұстазы Г.М. Оразалиева Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры А. Жүдебаевпен кездесті.
18 қазан 2018
2018 жылы 16-қазанда Астана қаласында білім беру ісінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі II Орта-Азиялық халықаралық форум өтті.
2018 жылы 16-қазанда Астана қаласында білім беру ісінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі II Орта-Азиялық халықаралық форум өтті.
2018 жылы 16-қазанда Астана қаласында аккредитациялау мен рейтинг жүргізетін  (HAAP) теуелсіз Агенттігі  білім беру ісінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі II Орта-Азиялық халықаралық форумын өткізді. Осы шараға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы HAAP Агенттігінің 1 санатты сарапшысы ретінде қатысты.
18 қазан 2018
Польшаға аттанған студенттерімізге сәттілік тілейміз.
Польшаға аттанған студенттерімізге сәттілік тілейміз.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Фортепиано» мамандығы бойынша аспаптық орындаушылық факультетінің 2-3 курс студенттері Исмухамбетова А., Исаханова Г., Тойшыбекова А. академиялық ұтқырлық шеңберінде К. Липинский атындағы Музыкалық академиясына (Вроцлав қ-сы, Польша) 17.10.2018 – 15.02.2019жж. аралығында семестрлік білім алуға оқуға жіберілді.
17 қазан 2018
«Жемқорлыққа қарсы күресті басқару жүйесі» бойынша мамандарды даярлаудың теориялық және практикалық курсы өтті.
«Жемқорлыққа қарсы күресті басқару жүйесі» бойынша мамандарды даярлаудың теориялық және практикалық курсы өтті.
2018 жылы 13-қазан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның мәжіліс залында ISO 37001:2016  халықаралық стандартының талабына сәйкес «Жемқорлыққа қарсы күресті басқару жүйесі» бойынша мамандарды даярлаудың теориялық және практикалық курсы өтті.
16 қазан 2018