Консерватория жаңалықтары

2023 жылдың 12 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Халық музыкасы» факультеті «Халық әні» кафедрасының ұйымдастыруымен Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған «Қазіргі замандағы дәстүрлі ән және жыр өнері: теория және практика» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы мен "Жігіттің падишасы" Халықаралық дәстүрлі музыка кеші болып өтті.

2023 жылдың 11 желтоқсанында консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры Игорь Шубиннің мерейтойына арналған «В кругу своих друзей!» атты концерті болып өтті.

2023 жылдың 11 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Камералық залына композитор, Қазақстанның және КСРО-ның Халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ғ.Жұбанованың есімі берілуіне орай композитор құрметіне салтанатты түрде Ескерткіш тақтасы ашылды.

2023 жылдың 8 желтоқсанында консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Орган музыка кеші болып өтті.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халықаралық бөлімі республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға екінші және үшінші курс студенттері арасында конкурс жариялайды.

2023 жылдың 12 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Халық музыкасы» факультеті «Халық әні» кафедрасының ұйымдастыруымен Ақан Сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған «Қазіргі замандағы дәстүрлі ән және жыр өнері: теория және практика» тақырыбында конференция өтеді.

2023 жылдың 7 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Мәжіліс залында жалынды ақын, жампоз жырау, ержүрек батыр, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған «Елдік пен ерліктің асқақ рухы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2023 жылдың 11 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы Камералық залға композитор, Қазақстанның және КСРО-ның Халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ғ.Жұбанованың есімі берілуіне орай композитор құрметіне Ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтеді.