Menu HELPDESK

Қалиев Сағатбек Сламбекұлы

Калиев С..jpg    Азаматтығы: Қазақстан

    

    Байланыс мәліметтері: 

    Тел: +7-747-208-19-91

    E-mail: sagatbek_kaliyev@mail.rugatbe

    Академиялық лауазымы: аға оқытушы

    Ғылыми дәрежесі:  өнертану ғылымының кандидаты





Жоғары білімі туралы дипломында көрсетілген мамандығының атауы мен нөмірі (шрифты): КВ - №173733 «Музыкатану».


1. БІЛІМІ/БІЛІКТІЛІГІ (ЖЫЛЫ, ЕЛІ, ОҚУ ОРНЫ):


1969-1971 жж. – М.Төлебаев атындағы Семей қалалық музыка училищесінің дайындық курсында оқыды;

1971-1975 жж. – М.Төлебаев атындағы Семей қалалық музыка училищесінде негізгі курсының фортепиано класында оқыды. 1979-1984 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында екі мамандық: композиция (Профессор Ғ.Жұбанованың класы) және музыкатану бойынша дәріс алды;

1986-1990 жж. – Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында «Музыка теориясы» пәндерінен дәріс беріп, ғылыми-ізденуші стажер болды;

1990-1993 жж. – Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында аспиранты;

1996 ж. – «Формы функционирования кюйев в контексте творческого мышления кюйши» тақырыбында кандидаттық жұмысын қорғады;  

Студенттік жылдарында Қазақ радиосында жұмыс істеп, оқумен бірге еңбек жолын жалғастырды.


2. ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:


1975-1977 жж. – Семей қаласы, Абай ауданы, қарауыл елді мекеніндегі музыкалық мектепте ұстаздық етті;

1975-1977 жж. – «Қаламқас» халықтық ансамблінің де көркемдік кеңесшісі болды. (1977ж. Баку қаласында өткен Бүкілодақтық музыка шығармашылығы фестивалінің лауреаты атанды);

1984-1986 жж. – Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы Музыкалық училищесінде «Музыкалық теория» пәнінен дәріс берді;

1994 ж. – Қазақ телевизиясының музыкалық редакциясының бас редакторы;

2001 ж. – «Хабар» агенттігінде музыкалық продюсер;

2006 ж. – «Қазақстан» ҰТА бас редакторы;

2007 ж. – «Қазақстан» ҰТА бас директоры болды;

2011-2013 жж. – Қазақстандағы тұңғыш өнер мен мәдениетті насихаттайтын «Мәдениет» телеарнасын ашты және оның тұңғыш директоры болды. (Шығармашылығында 25 жыл ұдайы музыка жанрларын осы заманғы телевизиялық қалыпқа бейімдеумен айналысып келеді);

2013-2018 жж. – «Қазақстан» ҰТА атқарушы продюсері болып қызмет істейді;

2019 ж. – Құрманғазы атындағы ҚҰК «Арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі.

                    

3. ЖЕТІСТІКТЕРІ:        

    

Халық ауыз әдебиеті мен аңыз-қиссаларға сүйенген 19 сюжетті «Аманат» видеофильмі.

Өзі автор, жүргізуші және музыкалық продюсері болған «Ауылдың алты ауызы» атты 35 телефильмдерін түсірді. Мәскеуде өткен «Евразийский телефорумда» бас жүлдені, Прагада өткен «Злата Прага» телефестивалінің дипломанты және еліміздегі «Алтын жұлдыз» байқауының жүлдегері болды.

«Аманат в музее звуков», «Линия судьбы» тележобалары да «Алтын жұлдыз» марапатына ие болды.

2008 ж. «Сыр сүлейлері», «Сыр сүлейлері ізімен», «Аманат в музее звуков» телефильмі және «Күй-керуен» жобалары үшін ҚР Журналистер Одағының сыйлығына және ҚР Мәдениет қайраткері атағына ие болды.

Телевизия тарихында тұңғыш рет түркі музыкалық мәдениетіне негізделген 50 минуттық «Дала-думан» апталығы да жарыққа шықты. Әйгілі түркі музыканттарының қатысуымен арнаның «Алтын қорына» 100-ден аса қайталанбас концерттік бағдарламалар жазылып алынды.


ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІ:


Қызметте жауапкершілікті, адалдықты, ұқыптылықты ұнатады. Спортпен шұғылданады.