Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар ұстаздары Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы және «Алтын қор» Халықаралық энциклопедиясының редакциясы тарапынан марапаттарға ие болды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар ұстаздары  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы және «Алтын қор» Халықаралық энциклопедиясының редакциясы тарапынан марапаттарға ие болды.
2019 жылдың 2-қазанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар ұстаздары  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы және «Алтын қор» Халықаралық энциклопедиясының редакциясы тарапынан марапаттарға ие болды. Қуаныш иелеріне марапаттарын  консерватория ректоры Арман Жүдебаев табыстады.

Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және белсенді ғылыми жетістіктері мен ерен еңбегі үшін  Өтеғалиева Сауле Ысқаққызына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік ғылым қызметкері» атағы берілді.

Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және әкімшілік-басқарудағы нәтижелі ерен еңбегі үшін Абдрашев Бахтияр Төлепбергенұлына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік менеджері» атағы берілді.

Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандар дайындаудағы ерен еңбегі үшін А.Р. Бердібай, З.Ш. Ізмұратова, З.Ш. Шакерімова, Д.Р. Шабденова, Г.Б. Абсаттароваларға  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік педагогы» атағы берілді.

«Алтын қор» Халықаралық энциклопедиясы редакциялық кеңесінің шешімімен «Білім үздіктері» номинациясы бойынша, білім беру мен ғылымды дамытуға зор үлес қосқаны үшін «Алтын қор» медалімен Ысқақов Біләл Алпанұлы мен Басықара Ерсайын Бақытұлы марапатталды.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!
2 қазан 2019
«Yamaha пернелі құралдарының мүмкіндіктері» семинары өтті
«Yamaha пернелі құралдарының мүмкіндіктері» семинары өтті
2019 жылдың 29 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Yamaha пернелі құралдарының мүмкіндіктері: сандық фортепиано және аранжировщиктің жұмыс станциялары» атты семинар өтті. Семинарды «Yamaha Music» компаниясының жетекші маманы, өнертану кандидаты Михаил Бакуменко жүргізді. Семинар 8 сағатқа есептелген және соңында барлық қатысушылар «Yamaha» сертификатына ие болды.
Семинар барысында қатысушылар екі нұсқадағы PSR тобының сандық фортепиано мүмкіндіктерімен танысты: бірінші нұсқасы 1500 тембрлі және 200-ге жуық стильдері бар кәсіби және оның жеңілдетілген нұсқасы шамамен 700 тембрден тұратын сандық фортепиано. Сондай-ақ толық 88 пернесі бар сандық фортепиано бар. Семинар жүргізушісі кәсіби PSR-мен жұмыс істеу процесін толық көрсетті, мысалы: ыңғайлы сенсорлық панель, бұл 1500 тембрдің арасында қажетті тембрді тез таңдауға мүмкіндік береді; фортепиано аккомпанементпен және әуенмен аймақтарға бөлетін стилдермен жұмыс істеу; енгізілген микшердің 16 жолына шығарма жазу және т.б.
Бұл семинар үлкен қызығушылық тудырды, теориялық және практикалық сабақтар болды. Семинарға консерваторияның студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ музыкалық мектептердің оқушылары мен педагогтары қатысты. Алдағы уақытта осындай семинарлар жалғасын табады деп үміттенеміз.
1 қазан 2019
Студенттеріміз Дәнеш Рақышев атындағы Республикалық әншілер байқауынан жүлдемен оралды
Студенттеріміз Дәнеш Рақышев атындағы Республикалық әншілер байқауынан жүлдемен оралды
Жуырда Талдықорған қаласында Қазақстанның Халық артисі, әнші, композитор Дәнеш Рақышев атындағы Республикалық әншілер байқауы өтіп, өнер додасына қатысқан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының студенттері үздіктер қатарынан көрінді.

Халық әні кафедрасының 2-курс студенті Ақжол Өсербай 1-орын алса, 3-курс студенттері – Біржан Айтахметов 2-орын, Сымбат Елтоқ 3-орынға ие болып лауреат атанды. Ал 4-курс студенті Дәуренбек Исламғали «Әсет Найманбайұлы атындағы арнайы жүлдені» иеленді. Жеңімпаздарымызды құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.

Жүлдегерлердің ұстаздарын атап өтейік. Б.Айтахметов, А.Өсербай, Д.Исламғали сынды студенттердің ұстазы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент Еркін Шүкіман болса, С.Елтоқтың ұстазы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент Ардақ Исатаева. Ұстаздарымыздың еңбектеріне жеміс тілеп, шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмасын дейміз.

1 қазан 2019
«Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» дәстүрлі ән фестивалі өтті
«Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» дәстүрлі ән фестивалі өтті
2019 жылдың 24-27 қыркүйек аралығында Арқа кәсіби ән өнерінің негізін қалаушылардың бірі Біржан сал Қожағұлұлының 185 жылдығына арналған Өңірқаралық «Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» дәстүрлі ән фестиваліне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының ұстаздары Еркін Шүкіманов, Тілеулес Құрманғалиев, Ардақ Исатаева, Мұрат Әбуғазы, Амангелді Күзеубайлар қатысып, Көкше елін өнерлерімен сусындатып қайтты.
30 қыркүйек 2019
«Altyn Art – 2019» Қазақстан композиторлары байқауының жеңімпаздары анықталды
«Altyn Art – 2019»  Қазақстан композиторлары байқауының жеңімпаздары анықталды
27 қыркүйек күні Алматы қаласының 1000 жылдығы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдық мерейтойына орайластырылған «Altyn Art – 2019»  Қазақстан композиторлары байқауының жеңімпаздары анықталды.
Жобаның басты мақсаты –  байқау арқылы еліміздегі жас талантты композиторларды анықтап,  олардың шығармашылығына қолдау көрсету.
Байқау 2019 жылдың 29 сәуірінде басталған болатын. Қазылар алқасының құрамына еліміздің мәдениеті мен өнеріның дамуына өз үлестерін қосып жүрген кәсіби музыканттар мен сарапшылар кірді. Атап айтсақ, қазылар алқасының төрағасы, Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры – А.Жүдебаев, ҚР композиторлар одағының төрағасы – Б.Қыдырбек,ҚР композиторлар одағының мүшесі – Г.Узенбаева,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент, музыкатанушы – Ғ.Бегембетова,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент, профессор – А.Абатова және халықаралық конкурстардың лауреаты, білім беру саласының үздігі – К.Халилова.
Байқау нәтижесі бойынша «Композиция» кафедрасының профессоры Бахтияр Аманжол екінші орынға, консерваториямыздың дарынды студенті Абылқайыр Сағымбаев 3 орынға ие болды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
28 қыркүйек 2019
Консерваториямыздың бес бірдей студенті ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры стипендиясының иегерлері атанды
Консерваториямыздың бес бірдей студенті ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры стипендиясының иегерлері атанды
Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры стипендиясына сертификаттар тапсыру салтанаты өтті. Биыл тоғызыншы рет өткізіліп отырған республикалық байқау екі турдан тұрды. Бірінші тур оқу орнында өткізілді, ал  екіншісін Қор ЖОО ұсынған студенттер арасында ұйымдастырды. 27 мамыр мен 28 маусым аралығында өткізілген конкурсқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Семей, Түркістан, Өскемен және Шымкент қалаларының 350-ден астам студенттері қатысып, оның 80-і ғана жеңімпаз атанды. Стипендияны оқу барысында, сонымен қатар әлеуметтік және ғылыми-зерттеу жұмыстарында ерекшеленген жеңімпаздар бір жыл бойына алмақ.

Стипендия иегерлері атанған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Вокалдық өнер» кафедрасының 4-курс студенті - Айтжанова Анель, «Фортепиано» кафедрасының 3-курс студенті  - Балтабай Саиддин, «Музыкатану және композиция» кафедрасының 2-курс магистранты - Мұхамбетжанов Шерхан, «Ішекті аспаптар» кафедрасының 3-курс студенті - Ильмурадов Самат және «Дирижерлеу» кафедрасының 4-курс студенті -  Шәріп Аршатты аталмыш жеңістерімен құттықтаймыз.

Жобаның негізгі мақсаты жоғары және арнаулы орта (өнер және мәдениет) білім беру оқу  орындарының күндізгі бөлім студенттерінің оқуға деген құштарлығын жоғарлату, ғылыми жұмыспен айналысуын және шығармашылығын қолдау. Қордың стипендиясы ай сайын жазғы кезеңді қоспағанда бір оқу жылына төленеді.

Айта кетейік, барлық жеңімпаздарға «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының  стипендианты» атағы беріліп, арнайы сертификат пен стипендиант төсбелгісі табысталды.
26 қыркүйек 2019
Президенттік кадрлық резервке іріктеуден кеш қалмаңыз!
Президенттік кадрлық резервке іріктеуден кеш қалмаңыз!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігін жариялаған болатын.

Тұңғыш рет инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік қызмет, медицина, экономика, мәдениет және басқа да көптеген салаларда елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтарда резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік пайда болды.

Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жастар қатыса алады.
25 қыркүйек 2019
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті
2019 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдары басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті.

Іс-шараға  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің, Алмалы ауданы әкімі аппаратының өкілдері, ЖОО ректорлары, қаланың басқа да оқу орындарының басшылары, БАҚ өкілдері, университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Ректор өз баяндамасында 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстарды халыққа таныстырды. Оның ішінде консерваториямыздың «Мюзик» жоғары рейтингтік халықаралық аккредитациялық агенттігінен магистратура мен докторантураға білім беру бағдарламасы мен 2019 жылдың мамыр айында Аккредиттеу мен рейтингілеудің тәуелсіз агенттігінен институционалдық аккредитациядан өткені туралы, консерваториямыздың жұмысын жан-жақты талдап, студенттеріміздің жетістіктері туралы сөз қозғады. Сондай-ақ қараша айында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдығы кең ауқымда тойланып өтетінін айтты.

«Консерваторияда музыкалық білім саласында білімді сақтау мен жеткізу ісінде бай тәжірибе жинақталған және қазіргі уақытқа дейін біз бұл бағыттың көшбасшысы болып табыламыз. Бұл консерваторияның кәсіби мамандарды дайындау ісіне қосқан үлесімен дәлелденеді. Бүгінгі күні біздің бітірушілеріміз көптеген шығармашылық ЖОО мен музыкалық колледждердің кадрлық құрамын қалыптастырумен қатар еліміздің басты сахналарында өз өнерлерін көрсетуде, жоғары деңгейдегі кәсіби шеберліктерін көрсетіп, елімізді шетелдерге танытуда», - деді сөзінде ректор Арман Жүдебаев.

Ректордың баяндамасы аяқталған соң шара консерваторияның түлектері мен дарынды студенттері қатысқан концертке жалғасты. Олардың ішінде «Хассақ» этно-фольклорлық ансамблі, Оразбай Мадина, домбыра кафедрасының 1 курс студенті Қазкенов Дастан, виолончельшілер ансамблі, Нөсербай Ақжол, Барақбай Бексұлтан, Мырзағалиев Алишер, Ідірбай Байбақты, жетігеншілер ансамблі және консерваторияның аралас хоры өнер көрсетіп, жиналған халықтың қошеметіне бөленді.

25 қыркүйек 2019
Құрметті студенттер және магистранттар!
Құрметті студенттер және магистранттар!
Берген Университетімен (Норвегия) бірлесіп жүзеге асырылатын «Музыка және орындаушылық саласындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу қауымдастығы / Music and Artistic Research Knowledge Network Eurasia CPEA-LT-2016/10082») халықаралық жоба аясында келесі мамандықтар бойынша   2019-2020 оқу жылы бір семестр көлемінде (2020ж. қаңтар – мамыр) студенттер мен магистраннтарға қабылдау жарияланады:

25 қыркүйек 2019