Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Екі студентіміз Н.Г. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясына оқуға кетті
Екі студентіміз Н.Г. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясына оқуға кетті
Н.Г. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясы және Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясы арасындағы өзара ынтымақтастық келісімшартты жүзеге асыру мақсатында 2018-2019 оқу жылының бірінші семестрінде 2018 жылдың 1-ші қазанынан    29 желтоқсан аралығына Қазан мемлекеттік консерваториясына (Қазан қ., Ресей Федерациясы) келесі студенттер оқуға кетті:
10 қазан 2018
Консерватория шетелден келген студенттерді қабылдады
Консерватория шетелден келген студенттерді қабылдады
Бүгінгі таңда «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында Консерватория жақын шетелден келген студенттерді қабылдады.        
10 қазан 2018
12 магистрантымыз Бакуге аттанды
12 магистрантымыз Бакуге аттанды
Қазақ ұлттық консерваториясы мен Әзірбайжан ұлттық консерваториясы арасындағы өзара ынтымақтастық келісім бойынша, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы аясында,  2018 жылдың 7-17 қазан аралығында жоспарланған шетелдік ғылыми тәжірибесінен өту үшін Әзірбайжан ұлттық консерваториясына (Баку қ.) екінші курстың 12 магистранты аттанды.
8 қазан 2018
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы бүгін 2018 жылдың 5-қазанында Елбасының Қазақстан халқына жолдауын тыңдады
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы бүгін 2018 жылдың 5-қазанында Елбасының Қазақстан халқына жолдауын тыңдады
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы, еліміздің дамуының бағыт-бағдарын нақты тапсырмалар арқылы айқындап беріп отыратын, жол көрсетуші құжат болып отыр. Сондықтан да Республикамыздың барлық аймақтарында, әртүрлі сала мамандары осы құжатты асыға күтіп отыратыны белгілі.
5 қазан 2018
Тіл мерекесіне арналған «Тіл –рухани жаңғыру тірегі» атты әдеби-музыкалық кеш
Тіл мерекесіне арналған «Тіл –рухани жаңғыру тірегі» атты әдеби-музыкалық  кеш
3 қазан күні Құрманғазы атындағы  Қазақ ұлттық консерваториясының кіші залында «Тілдер» секциясының ұйымдастыруымен тілдер мерекесіне арналған  «Тіл –рухани жаңғыру тірегі» атты әдеби-музыкалық  кеш өтті.  Дәстүрге айналған Тіл мерекесіне арналған іс-шараға консерваториямыздың  1-2  курс студенттері  қатысты.
4 қазан 2018
ҚР халық артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Базарғали Жаманбаевқа арналған «Мұғалім туралы сөз» атты кітап жарық көрді.
ҚР халық артисі, Құрманғазы атындағы  Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Базарғали  Жаманбаевқа арналған «Мұғалім туралы сөз» атты кітап жарық көрді.
Мұғалімге тағзым
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сана-сезімді жаңғырту» бағдарламалық мақаласында баяндалған саяси ойлаудың жаңа парадигмасы контекстіндегі Қазақстанның музыкалық өнерінің мазмұнын талдау әртүрлі бағыттар бойынша сәтті жүзеге асырылуда. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кафедра меңгерушісі Жаманбаев Базарғали Әжиевичке арналған «Мұғалім туралы сөз» атты кітап жарық көрді. Танымал дирижер, талантты, үнемі ізденіс үстінде жүрген ұстаз. Қазақстанның хор және оркестр өнерінің көрнекті өкілі жоғарыда көрсетілген жұмыста толыққанды жарықтандыру тапты, еңбектің форматы бүгінгі күнге ұқсастығы жоқ. Атақты дирижер, көрнекті тұлғаға арналған бұл басылым, атап айтқанда музыкалық колледждердің студенттері мен оқытушылары, жоғары өнер оқу орындарының студенттері, дирижерлер, кәсіби музыканттар және т.б. көптеген қауымның қызығушылығын тудырды.
4 қазан 2018
Өнер майталмандарымен кездесу өтті
Өнер майталмандарымен кездесу өтті
2-қазан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кіші залында ректор А.Жүдебаевтың қатысуымен Саха елінен келген танымал хомусшы, "Әлем виртуозы" атағының иегері Юлияна Кривошапкинаның шеберлік-сыныбы өтті.
3 қазан 2018
Сүйінші!
Сүйінші!
Сүйінші!
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған
Республикалық домбырашылар байқауында
студенттеріміз жеңімпаз атанды!
1 қазан 2018
Анкара музыка және өнер университетінің ректоры Ерол Парлак мырзамен өзара келіссөздер жүргізілді.
Анкара музыка және өнер университетінің ректоры Ерол Парлак мырзамен өзара келіссөздер жүргізілді.
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев мырза Түркияның Анкара қаласынан келген қонақ, Анкара музыка және өнер университетінің ректоры Ерол Парлак мырзаны қабылдап, өзара келіссөздер жүргізді.
1 қазан 2018