Menu HELPDESK

Вокалдық өнер кафедрасы

Кафедра тарихы


1944 жылдың 1 қазанында      Мәскеу мен Ленинград консерваторияларының үлгісімен , құрамында жеке ән кафедрасы қызмет ете бастаған   Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуден Алматыға көптеген көрнекті өнер қайраткерлері  көшірілген еді.

Кафедраның алғашқы құрамына А.М. Курганов, С.С. Коробов, А.В. Гуцаловская, А.К. Мизонов, С.С. Котляр, Н.Ф. Нагулина, Н.Н. Самышина және т.б. енді. Олардың Қазақстандағы қызметі аз уақыттың ішінде ұлттық  ерекшіліктерін  сақтай отырып, орыс мәдениеті арқылы дәстүрлі еуропа мәдениетімен сусындаған жаңа қазақстандық мәдениет құбылысының қалыптасуына елеулі әсер етті.

Кафедраның алғашқы түлектері Б.Б. Жылысбаев  Р.У. Жаманова, Е.Б. Серкебаев, Б.А. Төлегенова, Н.А. Шарипова, Н.Д. Юмашева, К.И. Бобошколар еді,    кімдердің ықпалымен  ең жоғары деңгейдегі шығармашылық, оқытушылық, және ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асырған,жоғарғы деңгейдегі  ортақ ойлы берік педагогикалық ұжым қалыптасты.

79 жылдық жемісті еңбегі үшін жеке ән салу кафедрасы опера әншілерінің, филармония солистерінің, түрлі музыкалық ұжымдар хорының әртістерінің және орта және жоғары музыкалық оқу орындарында жеке ән айту оқытушыларының тұтас саңлақтарын тәрбиеледі. Кафедра түлектерінің арасында-КСРО-ның 5 халық әртісі, ҚР-ның 50-ге жуық халық әртісі, түрлі халықаралық вокалдық конкурстардың 300-ден астам лауреаттары мен дипломанттары бар.

Қазіргі уақытта «Вокалдық өнер» кафедрасында кеңесші педагог ретінде КСРО Халық әртісі, профессор Б.А.Төлегенова  қызмет атқаруда.

2021 жылдан бастап «Вокалдық өнер» кафедрасының меңгерушісі аға оқытушы Т.К. Бекназарова болып табылады. Оның жетекшілігімен: Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Г.К. Есімов, Моңғолияның Халық әртісі, профессор Қабылаш Әбыкей-ұлы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері: Ұ.М. Кенжебеков, М. К. Чалабаев жұмыс істейді., Г.Б. Даурбаева, Б. К. Жұбаева, Ж. К. Баспакова, Б. Н. Жомартов, Т. П. Күзенбаев, Б. С. Бөкенов, доценттер Ж. М. Мекенбаева, Р. А. Смайлова, С. А. Бринюк, Г. А. Нұрғалиева, Т. А. Смайлова, С. А. Нұрғалиева, аға оқытушылар: Ж. Байнешов, А. А. Юсупова, И.У. Садықова, оқытушылар: Ж. К. Аманова, Е. Х. Дүйсебаев, С. Х. Благодарная, Д. М. Хамзина, Д. Б. Әкімбаева, Н. Т. Құлданов және т. б.

Дарынды оқу бітірушілер арасында Шахимардан Әбілов, Әлібек Дінішев, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы,Жәмиля Баспақова ,Мурат Шалабаев,  Гүлзат Дәуірбаева, Балапан Жұбаева, Талғат Мұсабаев, Андрей Трегубенко, Талғат Күзембаев, Медет Чотабаев, Қайыржан Жолдыбаев, Дина Хамзина, Жұпар Ғабдуллина, Лада Қысықова, Анастасия Кожухарова, Сара Найман, Жәмила Жарқымбаева және т.б.  танымал әртістер бар.

Кафедра көпжылдық қызмет барысында, педагогтардың әдістемелік еңбектері бар, құнды педагогикалық жағдай жасай алды. Түрлі педагогикалық бағдарламалар, барлық дауыстарға арналған репертуарлар тізімі қосылған типтік бағдарламалар жасалып, әдістемелік нұсқаулардың жазылуы осындай ерен еңбектің нәтижесі.

Кафедра ұстаздарының аға буын өкілдері жас педагогтарға әдістемелік көмектер ұсынып, өз ойларын ортаға салып отырады. Сонымен қатар ақылды  ұстаздар қатал әрі талап қойғыш оқытушы тұрғысын сақтай отырып,   студенттердің тұтанып келе жатқан    дарынын  даралық тұлға  отына айландырып , жастық жандарын жылылық пен мейірімге бөлейді. Түлектер вокалдық-орындаушылық мәдениет пен алған білімдерімен  қатар бойларына оқытушысына деген сүйіспеншілік, сыйластық, адалдық тәрізді қасиеттерді  сіңіріп аттанады.

Кафедраның ондаған жылдар бойғы жемісті еңбегі заманауи вокалдық ұлттық мектептің қалыптасуы мен оның Қазақстан мен шет елдердегі табыстарының мызғымас негізіне айналды.

Оқытушылар құрамы: 


Бекназарова Танагүл Кәйкенқызы – "Вокалдық өнер" кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, «Мәдениет саласының үздігі»

Авхий Х. – профессор, Моңғолияның халық артисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Есімов Ғ.Қ. – профессор (ВАК), ҚССР халық артисі, ҚР білім ісінің үздігі, "Құрмет" ордені   

Төлегенова Б.А. – кеңесші, ҚССР халық артисі, академик, профессор, Соц.еңбек ері

Қаржаубаева С.К. – профессор, өнертану докторы

Кенжебеков Ұ.М. – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент (акад)

Баспақова Д.Т. – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі, аға оқытушы

Дәуірбаева Г.Б. – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, аға оқытушы

Жұбаева Б.К. – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, аға оқытушы

Бринюк С.А.  – доцент (акад)

Мекенбаева Ж.М. – доцент (акад)

Смайлова Т.А. –  доцент (акад), «Мәдениет саласының үздігі»

Нұрғалиева Г.А. – доцент (акад), «Мәдениет саласының үздігі»

Нұрғалиева С.А. – доцент (акад)

Смайлова Р.А. –  доцент (акад)

Байнешов Ж.Б. – аға оқытушы, «Мәдениет саласының үздігі»

Юсупова А.А. – аға оқытушы

Благодарная С.Х. – оқытушы

Дүйсебаев Е.Х. – оқытушы

Аманова Ж.Қ. – оқытушы

Садықова И.У. – оқытушы

Шалабаев М.Қ. – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, аға оқытушы

Жомартов Б.Н. – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, аға оқытушы

Бөкенов Б.С. – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, аға оқытушы

Артағалиев И.М. – оқытушы

Күзембаев Т.П – оқытушы

Смольянина Е.В – оқытушы

Акимбаева Д.Б. – оқытушы

Хамзина Д.М. – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, аға оқытушы

Айтжанова А.Д. – оқытушы

Рахметов Т. Б. – оқытушы

Сақышова Г. Қ. – оқытушы