Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дарынды студенттері үшін Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақы ұйымдастырылды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дарынды студенттері үшін Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақы ұйымдастырылды

10 қазан, Алматы, Қазақстан - Болат Өтемұратов Қорының қаржылай қолдауымен Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қор Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үрмелі және соқпалы аспаптарының кафедрасының дарынды студенттеріне арналған атаулы шәкіртақыны ұйымдастыру туралы жариялайды. 2018-2019 оқу жылында 500 000 теңге мөлшерінде 5 шәкіртақы бөлінді.
10 қыркүйек 2018
Білім күніне арналған мерекелік концерт
Білім күніне арналған мерекелік концерт
3 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында білім күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концерт мемлекеттік әнұранмен басталып, студенттер мен студенттік ұжымдардың орындауындағы музыкалық шығармалармен жалғасын тапты.
Жиын басында консерваторияның бүгінге дейінгі жеткен жетістіктері айтылып, еліміздің мәдениетінің дамуына зор үлес қосып жүрген түлектер мақтанышпен еске алынды.
    2018-2019 оқу жылында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы 253 студент қабылдады. Олардың ішінде 57 студент әртүрлі байқаулардың жүлдегерлері.
    Ұжым басшысы Арман Әділханұлы концертті құттықтау сөзбен бастап, алға қойылатын жаңа міндеттер мен жоспарлардан хабар берді. Сондай-ақ жиында жаңадан тағайындалған факультет декандары мен бөлім басшылары көпшілікке таныстырылды.
•    Вокал, музыкалық білім және дирижерлау факультеті. Факультет деканы – өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Нусупова Айзада Сайфуллақызы
•    Аспапта орындау факультеті. Факультет деканы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ерманов Жаннат Рахметоллаұлы
•    Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер факультеті. Факультет деканы – өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Мусагулова Гульмира Жақсыбекқызы
•    Халық музыка факультеті. Факультет деканы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнер магистрі Аширов Нұркен Нұрғалиұлы
2019 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 75 жыл толады. Келер жылға жоспарланған мерекелік іс-шаралар осы мерейтойдың аясында өтпек. Мұндай айтулы мерейтойды үлкен ауқымда тойлау жоспарланып отыр. Астана және Алматы қалаларының басты концерттік залдарында Гала концерттер ұйымдастырылмақ.
4 қыркүйек 2018
Ғылыми кеңес отырысында
Ғылыми кеңес отырысында
29 тамыз күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұжымының басшылығы мен барлық профессор, доцент және оқытушылардың қатысуымен ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті. Жаңа оқу жылын жаңа басшымен бастаған ұжым Жүдебаев Арман Әділханұлының жетекшілігімен алдағы уақытқа көптеген жоспарлар құрды. Жиын басында Арман Әділханұлы басшылыққа келгелі атқарылған шаруалардан хабар берді. 
4 қыркүйек 2018
Магистратура және докторантура ақылы негізінде оқуға қабылдау туралы бұйрық

Қабылдау емтихандардың нәтижесінен шекті балл жинаған талапкерлердің өтініші негізінде БҰЙЫРАМЫН:

 

І. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірінші курс магистратурасына ақылы негізінде келесі талапкерлер қабылдансын:


27 тамыз 2018
Магистратура және докторантура оқуға қабылдау туралы бұйрық

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің №182 бұйрығына сәйкес, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабылдау емтихандары мен Қабылдау комиссиясының 2018 жылдың 24 тамыздағы шешімі негізінде, БҰЙЫРАМЫН:

1. Жоғары балл алған келесі үміткерлер магистратура мен доктарантураның бірінші курсына қабылдансын:

Masters_2018-4.JPG
Masters_2018-5.JPG

27 тамыз 2018
Алматыда футзал бойынша студенттердің чемпионаты өтеді
 Алматыда футзал бойынша студенттердің чемпионаты өтеді
Жарыстар 19-26 тамыз аралығында өтеді
27 шілде 2018
Оқуды Құрманғазы атындағы ҚҰК жалғастыр
Оқуды Құрманғазы атындағы ҚҰК жалғастыр
Құрманғазы атындағы ҚҰК магистратура мен доктарунтараға PhD құжаттар қабылдауды бастап кетті
3 шілде 2018