Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Профессор Базархан Қосбасаровтың "Қобыз өнері" кітабының жаңа нұсқасы шықты
Профессор Базархан  Қосбасаровтың "Қобыз өнері" кітабының жаңа нұсқасы шықты
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының  оқу-әдістемелік әдебиетінің қоры таяуда жаңа басылыммен толықты. Оның құрастырушысы – консерватория профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Базархан Әбуұлы Қосбасаров.  Алғысөзін КСРО халық артисі Е.Рахмадиев жазған «Қобыз өнері» атты кітап (толықтырулар енгізілген екінші басылымы) музыкалық оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған оқу құралы ретінде дайындалып отыр.
1 қазан 2018
Консерватория ректорының 2017-2018 оқу жылына арналған есеп беру кездесуі өтті.
Консерватория ректорының 2017-2018 оқу жылына арналған есеп беру кездесуі өтті.
26 қыркүйекте РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» ректорының 2017-2018 оқу жылына арналған есеп беру кездесуі өтті.
28 қыркүйек 2018
Халықаралық «Этно-фолк-джаз» фестивалі өтті
Халықаралық  «Этно-фолк-джаз» фестивалі өтті
2018 жылдың 21 қыркүйегінде, Алматы қаласы Құрманғазы  атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында  Халықаралық этно-фолк-джаз фестивалі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, мемлекеттік және коғамдық ұйымдардың, этно-мәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері қатысты.
22 қыркүйек 2018
Жұмаділова Рымкеш Әлжанқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қаралы жиын өтті
Жұмаділова Рымкеш Әлжанқызының  мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қаралы жиын  өтті
2018 жылы 20 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен орган залында, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, 35 жыл Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында әнші-солист болып қызмет атқарған,  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының ұлағатты ұстазы Жұмаділова Рымкеш Әлжанқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қаралы жиын  өтті.
20 қыркүйек 2018
«Тарихтан тағылым»
«Тарихтан тағылым»
    19 қыркүйекте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен орган залында "Бірінші курс онкүндігі - 2018" аясында, филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұбанов бастаған қонақтардың қатысуымен «Тарихтан тағылым»  атты кездесу өтті.
    
Кездесудің мақсаты:
Ағайынды Жұбановтардың өмірі мен өнегесін жастарға насихаттау.

Ұйымдастырушылар:
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы,
"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі,
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясы.

20 қыркүйек 2018
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамыз
Құрманғазы атындағы
Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы

Бар ғұмырын өнерге арнаған, 35 жыл Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында әнші-солист болып қызмет атқарған,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «халық әні» кафедрасының ұлағатты ұстазы, Жұмаділова Рымкеш Әлжанқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыс бауырларына, отбасына қайғырып көңіл айтады.


2018 жылдың 20 қыркүйегінде  сағат 10:00 де Консерваторияның үлкен орган залында қаралы жиын  өтетінін хабарлаймыз.

18 қыркүйек 2018
Ректор А. Жүдебаевтың халық алдындағы 2018 жылғы есеп беру кездесуі өтеді
Ректор А. Жүдебаевтың халық алдындағы 2018 жылғы есеп беру кездесуі өтеді
2018 жылдың 26 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры А.Ә.Жүдебаевтың халық алдындағы 2018 жылғы есеп беру кездесуі өтеді.
17 қыркүйек 2018
Бірінші курс студенттерінің онкүндігі
Бірінші курс студенттерінің онкүндігі
«Бірінші курс студенттерінің онкүндігі» бұл – кітапханамен таныстыру үрдісі, кітап көрмелерінің тұсаукесері, библиографиялық көрсеткіштерді шолу, «Springer», «Web of Science», «Scopus», «ScienceDirect» дерекқорында тіркелу, өз бетінше ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік сабақтар.
12 қыркүйек 2018